XIAOMI КЕПІЛДІК МІНДЕТТЕМЕЛЕРІ
- смартфон
- Mi TV
- ЭКО өнімдер
- Mijia тоңазытқышы
- Mijia кір жуғыш-кептіргіш машинасы
- XIAOMI ӨНІМДІ ҚАЙТАРУ НҰСҚАУЛЫҒЫ
- ТҰРМЫСТЫҚ ҚҰРАЛДАРДЫ ҚАЙТАРУҒА АРНАЛҒАН ЖАЛПЫ НҰСҚАУЛАР
БҰЛ КЕПІЛДІК СІЗГЕ БЕЛГІЛІ БІР ҚҰҚЫҚТАР БЕРЕДІ ЖӘНЕ ОЛАР ЕЛІҢІЗДІҢ, ШЕТКІ АЙМАҚТЫҢ НЕМЕСЕ МЕМЛЕКЕТТІҢ ЗАҢДАРЫНА БАЙЛАНЫСТЫ КЕҢЕЙТІЛУІ МҮМКІН. КЕЙБІР ЕЛДЕРДЕ, ШЕТКІ АЙМАҚТАРДА НЕМЕСЕ МЕМЛЕКЕТТЕРДЕ ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ТУРАЛЫ ЗАҢМЕН ЕҢ ҚЫСҚА КЕПІЛДІК МЕРЗІМІ КӨЗДЕЛГЕН. XIAOMI КОМПАНИЯСЫ ЗАҢМЕН РҰҚСАТ ЕТІЛГЕННЕН БАСҚА ЗАҢДЫ ҚҰҚЫҚТАРЫҢЫЗДЫ ЖОЙМАЙДЫ, ОЛАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫ ШЕКТЕМЕЙДІ ЖӘНЕ ТОҚТАТПАЙДЫ. ҚҰҚЫҚТАРЫҢЫЗДЫ ТОЛЫҚ ТҮСІНУ ҮШІН ЕЛІҢІЗДІҢ, ШЕТКІ АЙМАҒЫҢЫЗДЫҢ НЕМЕСЕ ОБЛЫСЫҢЫЗДЫҢ ЗАҢДАРЫМЕН ТАНЫСУҒА КЕҢЕС БЕРЕМІЗ. Шартта көрсетілген осы кепілдік Xiaomi өнімдерінің (бұдан әрі «өнім») тек аппараттық құрамдастарына қолданылады және Xiaomi компаниясына немесе соңғы пайдаланушының лицензиялық келісімі, бөлек кепілдік міндеттемелері немесе ерекшеліктер берілген немесе қолданылатын үшінші тараптарға тиесілі кез келген бағдарламалық жасақтамаға немесе басқа жабдықтарға қолданылмайды.
ӨНІМНІҢ ШЕКТЕУЛІ КЕПІЛДІГІ
Xiaomi компаниясы алғашқы сатып алушыға Xiaomi өнімінің кепілдік мерзімінде қалыпты пайдалану кезінде материалдардағы ақаулықтарға және дайындау сапасына кепілдік береді. Қолданыстағы заңнамен басқаша берілмеген жағдайда, сатып алынған күннен бастап, кепілдік негізгі құрылғыға бір (1) жылға, алынбалы аккумулятор мен зарядтау құрылғысына алты (6) айға, алынбайтын аккумуляторға бір (1) жылға және құлаққапқа, егер қолданылса, үш (3) айға беріледі. Жоғарыда айтылғанға қарамастан, Хiaomi компаниясы қолданыстағы заңнамамен көзделген заңды ең қысқа кепілдік мерзімін жоймайды, оны жүзеге асыруды шектемейді және тоқтатпайды. Xiaomi компаниясы өнімнің үзіліссіз немесе қатесіз жұмыс істеуіне кепілдік бермейді.
ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚОРҒАУ ҚҰРАЛДАРЫ
Егер кепілдік мерзімінде жабдық тоқтап қалып, Xiaomi компаниясына негізделген шағым түссе, Xiaomi компаниясы (1) өнімді тегін жөндейді, жаңа немесе жаңартылған ауыстырмалы бөлшектерді пайдаланады, (2) өнімді жаңа немесе жаңартылған өнімге ауыстырады немесе (3) болуы мүмкін тасымалдау шығындарын қоспағанда, өнім ақысын өтейді.
Ақаулық болған жағдайда заңмен рұқсат етілген толық деңгейде бұл сіздің жалғыз және айрықша құқықтық қорғау құралдары болып табылады. Қолданыстағы заңнамамен тыйым салынбаған жағдайларда, тасымалдау және өңдеуге арналған ақылар алынуы мүмкін. Кез келген ауыстырмалы аппараттық өнім үшін бастапқы кепілдік мерзімінің қалған мерзіміне немесе отыз (30) күнге, қайсысы ұзағырақ болса, сол мерзімге немесе юрисдикцияңызда қолданылуы мүмкін кез келген қосымша уақыт кезеңіне кепілдік беріледі.
КЕПІЛДІК ҚЫЗМЕТІН ҚАЛАЙ АЛУҒА БОЛАДЫ
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, Xiaomi компаниясы клиенттен сатып алу мәліметтері бойынша дәлелдемелерді және өнімнің IMEI коды бар кепілдік картасын көрсетуді талап етуі мүмкін. Өнімде сақталған кез келген деректердің, бағдарламалық жасақтаманың немесе басқа да материалдардың резервтік көшірмесін жасау сіздің жауапкершілігіңіз болып табылады. Қызмет көрсету барысында мұндай деректердің, бағдарламалық жасақтаманың немесе басқа да материалдардың жоғалып кетуі немесе түрлендірілуі мүмкін, Xiaomi компаниясы кез келген осындай зақымдалу немесе жоғалуға жауап бермейді.
ЕРЕКШЕЛІКТЕР МЕН ШЕКТЕУЛЕР
Егер Xiaomi компаниясымен басқаша көзделмесе, осы шектеулі кепілдік тек жабыстырылған «Xiaomi» немесе «Mi» сауда белгісі, сауда атауы немесе логотип арқылы анықтауға болатын, Xiaomi компаниясымен немесе Xiaomi компаниясы үшін өндірілген өнімдерге қолданылады. Шектеулі кепілдік төмендегілерге қолданылмайды: (a) Табиғат апаттарына, мысалы, найзағай түсу, қатты құйын, өрт, жер сілкінісі немесе басқа сыртқы себептерге байланысты зақымдалу; (ә) немқұрайлылық; (б) оммерциялық мақсаттарда пайдалану; (в) өнімнің кез келген бөлшегін түзету немесе өзгерту; (г) Xiaomi өнімдерінен басқа өнімдермен пайдалануға байланысты зақымдалу; (ғ) оқыс оқиға, дұрыс пайдаланбау немесе қиянат жасауға байланысты зақымдалу; (д) Өнімді Xiaomi компаниясымен сипатталған рұқсат етілген немесе мақсатты пайдаланудан тыс немесе дұрыс емес кернеу немесе қуатпен пайдалану нәтижесінде туындаған зақым; (ж) Xiaomi компаниясының өкілі болып табылмайтын кез келген адамның қызмет көрсетуі (жаңартулар мен кеңейтімдерді қоса) нәтижесінде туындаған зақым немесе (з) өнімді пайдалану бойынша нұсқауларды орындамау Осы шектеулі кепілдік қамтымайтын бағдарламалық жасақтамаларды және пайдаланушы деректерін қалпына келтіру және қайта орнату. Xiaomi делдалына, агентіне немесе қызметкеріне осы шектеулі кепілдікті өзгертуге, ұзартуға немесе толықтыруға рұқсат етілмейді. Егер қандай да бір талап заңсыз немесе заң тұрғысынан жарамды болса, қалған талаптардың заңдылығы мен заң тұрғысынан жарамдылығына ықпал етілмеуі немесе олардың бұзылмауы тиіс. Заңдармен тыйым салынған немесе Xiaomi компаниясымен басқаша қарастырылмаған жағдайларды қоспағанда, сатылымнан кейінгі қызмет көрсету бастапқы сатып алу елінде немесе аймағында орындалуы тиіс. Осы кепілдіктер тиісті түрде импортталмаған және/немесе Xiaomi компаниясымен өндірілмеген және/немесе Xiaomi компаниясынан немесе Xiaomi компаниясының ресми сатушысынан тиісті түрде алынбаған өнімдерді қамтымайды. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес сіз өнімді сатқан ресми емес сатушының кепілдіктерінен пайда көре аласыз. Сондықтан Xiaomi компаниясы өнімді сатып алған сатушымен байланысуды ұсынады. Осы кепілдіктер Гонконгта және Тайванда қолданылмайды.
Кепілдік міндеттемелеріне кірмейтін Өнімді жөндеу барысында ауыстырылған ақаулы қосалқы бөлшектер тиісті жұмыстар аяқталғаннан кейін сізге қайтарылады. Кепілдік шеңберінде жүргізілген Өнімді жөндеу кезінде ауыстырылған ақаулы қосалқы бөлшектер қайтарылуға жатпайды.
Жөндеу аяқталғаннан кейін бір ай ішінде бізбен байланыса алмасақ, Xiaomi өнімді алған күннен бастап алты ай бойы сақтайды. Осы мерзім өткеннен кейін, егер сіз Өнімді қайтаруды талап етпесеңіз, Xiaomi ешқандай өтемақысыз немесе басқа төлемдерсіз белгіленген процедураларға сәйкес Өнімді жою құқығын өзіне қалдырады.
ҰЙҒАРЫНДЫ КЕПІЛДІКТЕР
Қолданыстағы заңнамамен тыйым салынбаған жағдайда, барлық ұйғарынды кепілдіктер (коммерциялық кепілдіктер мен белгілі бір мақсаттарға сай болуымен қоса) осы шектеулі кепілдіктің ұзақтығымен шектелуі тиіс. Кейбір юрисдикцияларда ұйғарынды кепілдіктің ұзақтығы бойынша шектеулерге жол бермейді, сондықтан жоғарыда көрсетілген шектеулер сізге қолданылмауы мүмкін.
ЗАҚЫМДАЛУ ШЕКТЕУЛЕРІ
Қолданыстағы заңнамамен тыйым салынбаған жағдайда, Хiaomi компаниясы кез келген кездейсоқ, жанама, әдейі немесе кезекті зақымдарға, соның ішінде шығындар, табыс немесе деректерді жоғалтумен шектелмей, анық немесе ұйғарынды кепілдіктің немесе шарттың бұзылуына байланысты немесе кез-келген басқа құқық теориясы бойынша, тіпті Хiaomi компаниясы осындай зақымдардың мүмкін болуы туралы хабардар болғанымен де, жауапкершілік алмайды. Кейбір юрисдикциялар әдейі, жанама, кездейсоқ немесе кезекті зақымдарды алып тастауға немесе шектеуге жол бермейді, сондықтан жоғарыда аталған шектеулер немесе алып тастау сізге қолданылмауы мүмкін.
Mi TV үшін шектеулі кепілдік саясаты
I. ЖАЛПЫ АҚПАРАТ
Бұл Xiaomi Technologies Kazakhstan LLP ("Xiaomi", "біз" немесе "біздікі") компаниясының ресми шектеулі кепілдік саясаты ("Саясат"), тек Mi TV ("Өнім") өнімдеріне қолданылады, оларды тұтынушы ("Тұтынушы" немесе "Сіз") Xiaomi компаниясынан тікелей сатып алған.
Xiaomi Technologies Kazakhstan LLP — Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құрылған шектеулі жауапкершілігі бар серіктестік, бизнес сәйкестендіру нөмірі 240440000964, тіркелген мекенжайы: Офис 2101, 2 блок, 10 қабат, "Жібек Жолы" бизнес орталығы, Жібек Жолы даңғылы, 135, Алматы қаласы, Қазақстан Республикасы.
II. КЕПІЛДІК САЯСАТЫ
Xiaomi Өнімнің сапаны қамтамасыз ету және сапаны бақылау рәсімдерінен өткенін кепілдік береді. Xiaomi барлық Өнімдер нормалық жағдайда пайдалану кезінде материалдық және өндірістік ақаулардан бос болмайтынын кепілдемейді. Алайда, Xiaomi Қазақстан Республикасының тұтынушылар құқықтарын қорғау туралы № 274-IV заңына сәйкес белгіленген минималды кепілдік мерзімін жоққа шығармайды, шектемейді немесе жоя алмайды. Xiaomi Өнімі үздіксіз жұмыс істейтіндігіне немесе қателіксіз жұмыс істейтіндігіне кепілдік бермейді.
Кепілдік мерзімі сатып алу күнінен немесе Өнімді іске қосу күнінен бастап есептеледі, қайсысы ертерек басталатынына байланысты.
Өнім | Mi TV |
Кепілдік мерзімі | 1 жыл |
Қызмет ету мерзімі | 5 жыл |
Кепілдік міндеттемелер көлемі | Өндірістік ақаулар мен ауыстырылатын бөлшектер |
Кепілдік қызмет түрлері | Қызмет көрсету орталығында / Үйде қызмет көрсету / Сервис орталығына жеткізу |
Қызмет көрсету орталықтары Қазақстан Республикасының негізгі қалаларында бар. Біздің ресми қызмет көрсету орталықтарының тізімі мен мекенжайларын https://www.mi.com/kz-kk/support/ сайтынан таба аласыз және өзіңізге жақын сервис орталығына барып қызмет ала аласыз.
Үйде қызмет көрсету Қазақстан Республикасындағы негізгі қалаларының көпшілігінде қолжетімді. Xiaomi колл-центр қызметкері сіз көрсеткен мекенжайға маман тағайындайды, тәжірибелі инженер қажетті жұмыстарды үйіңізде орындайды.
Қызмет көрсету орталығына жеткізу Қазақстан Республикасының ірі қалаларының көбінде қолжетімді.Егер сіздің қалаңызда сервис орталығы болмаса, Xiaomi колл-центр қызметкері ақаулы құрылғыны ресми қызмет көрсету орталығына жеткізу үшін курьер тағайындайды, қызмет көрсету орталығы оны жөндеп, көрсетілген мекенжайға қайтарады. Жеткізу құнын Xiaomi төлейді.
III. ЗАҢДЫҚ ШАРАЛАР
Өнімнің ақауы анықталып, кепілдік мерзімі ішінде жарамды шағым түссе, Xiaomi:
(a) Өнімді тегін жөндеп, жаңа ресми қосалқы бөлшектерді қолдануға міндеттенеді;
(b) Егер ақау 14 (он төрт) күнтізбелік күн ішінде анықталса, Өнімді жаңаға ауыстырады;
(c) Егер ақау 14 (он төрт) күнтізбелік күн ішінде анықталса, Өнімді қайтара алады.
Xiaomi қайтару шығындарын өтейді, қайтару өндірістік ақаулар немесе Xiaomi-ға қатысты қателіктерден туындаса да, немесе Өнім(дер) дұрыс сапада болса да.
Ауыстырылған Өнім(дер) кепілдігі алғашқы кепілдік мерзімінің қалған уақытына, бірақ кемінде 30 (отыз) күн немесе сіздің заңдарыңызда рұқсат етілген қосымша уақыт ішінде жарамды болады.
IV. КЕПІЛДІК ҚЫЗМЕТІН ҚАЛАЙ АЛУҒА БОЛАДЫ
Тұтынушылар құқықтарын қорғау заңына сәйкес, Xiaomi сатып алу туралы түбіртек пен Өнімнің сериялық нөмірі бар кепілдік картасын сұрауы мүмкін. Сіз Өнімде сақталған деректерді, бағдарламалық жасақтама мен басқа материалдарды сақтауды өз жауапкершілігіңізге аласыз. Бұл деректер, бағдарламалар немесе басқа материалдар қызмет көрсету барысында жоғалуы немесе қайта пішімделуі мүмкін. Xiaomi мұндай залал үшін жауапкершілік көтермейді.
V. ЕРЕКШЕЛІТЕР МЕН ШЕКТЕУЛЕР
Егер Xiaomi басқаға сілтеме жасамаса, бұл Саясат тек Xiaomi немесе “Mi” сауда маркасымен немесе логотипімен өндірілген немесе шығарылған Өнімдерге қолданылады.
Саясат келесі жағдайларға қолданылмайды:
(a) табиғи апаттардан туындаған зақымдар, мысалы, найзағай, торнадо, су тасқыны, өрт, жер сілкінісі немесе басқа сыртқы себептер;
(b) абайсыздық;
(c) коммерциялық пайдалану;
(d) Өнімнің кез келген бөлігін өзгерту;
(e) үшінші тарап өнімдерін пайдалану салдарынан туындаған зақымдар;
(f) оқыс жағдайлардан, асыра пайдаланудан немесе дұрыс пайдаланбаудан туындаған зақымдар;
(g) Өнімді дұрыс емес мақсатта немесе сәйкес келмейтін кернеу немесе қуат көзімен пайдалану салдарынан туындаған зақымдар;
(h) Xiaomi емес қызметкерлері орындаған қызмет көрсету (жөндеу немесе жаңарту) кезінде пайда болған зақымдар;
(i) Өнімді пайдалану жөніндегі нұсқауларды орындамау.
Бағдарламалар мен пайдаланушы деректерін қалпына келтіру және қайта орнату бұл Саясатқа енгізілмейді. Xiaomi-дің сауда өкілдері, агенттері немесе қызметкерлері осы Саясатқа өзгерістер немесе толықтырулар енгізуге құқылы емес. Егер қандай да бір шарт заңсыз немесе орындалмайтын болып табылса, қалған ережелердің заңдылығы немесе орындалуы бұзылмайды.
Қызмет көрсету тек Қазақстан Республикасындағы Өнімдерге қатысты ұсынылады, егер Өнімдер ҚР-да сатып алынған болса, Xiaomi осы аумақ шегінен тыс қамтуды кеңейту үшін арнайы қызмет ұсынатын жағдайларды қоспағанда.
Бұл Саясат Xiaomi-дан сатып алынбаған немесе дұрыс импортталмаған және (немесе) Xiaomi компаниясынан сатып алынбаған Өнімдерге қолданылмайды.
Кепілдік міндеттемелеріне кірмейтін Өнімді жөндеу барысында ауыстырылған ақаулы қосалқы бөлшектер тиісті жұмыстар аяқталғаннан кейін сізге қайтарылады. Кепілдік шеңберінде жүргізілген Өнімді жөндеу кезінде ауыстырылған ақаулы қосалқы бөлшектер қайтарылуға жатпайды.
Жөндеу аяқталғаннан кейін бір ай ішінде бізбен байланыса алмасақ, Xiaomi өнімді алған күннен бастап алты ай бойы сақтайды. Осы мерзім өткеннен кейін, егер сіз Өнімді қайтаруды талап етпесеңіз, Xiaomi ешқандай өтемақысыз немесе басқа төлемдерсіз белгіленген процедураларға сәйкес Өнімді жою құқығын өзіне қалдырады.
VI. ЖАНАМА ГАРАНТИЯЛАР
Бұл Саясат Қазақстан Республикасының тұтынушылар құқықтарын қорғау заңымен қамтамасыз етілген жанама кепілдіктерді, оның ішінде, бірақ шектеусіз, тауарлық күй мен нақты мақсатқа жарамдылық кепілдігін жоққа шығармайды немесе шектемейді. Сіз Өнімдердің келісім шартқа сәйкес емес екенін аныұтасаңыз, оларды ауыстыру немесе жөндеу үшін қайтарып бере аласыз, егер осы сәйкессіздік кепілдік мерзімі ішінде байқалса, Xiaomi Өнім(дер) үшін ұзақ сақтау мерзімін белгілемеген болса. Өнімдерде келісім шартқа сәйкессіздік байқалса, олардың қайтарылуы тұтынушылар құқықтарын қорғау заңымен реттеледі.
Кепілдік мерзімі ішінде қандай да бір ақау табылса, тұтынушы Қазақстан Республикасының тұтынушылар құқықтарын қорғау заңының ережелері бойынша талап қоюға құқылы, бұл ретте тұтынушы дефекттің жеткізілу кезінде бар екендігін немесе жеткізуден бұрын туындағанын дәлелдеуге міндетті.
VII. ЗАЛАЛДЫ ШЕКТЕУ
Қазақстан Республикасының тұтынушылар құқықтарын қорғау туралы заңында рұқсат етілген дәрежеде Xiaomi тауардағы ақаулар немесе шарттық немесе заңмен белгіленген міндеттемелерді бұзу салдарынан келтірілген залалды қоспағанда, пайданы, кірістерді немесе деректерді жоғалтуды қоса алғанда, кездейсоқ, жанама немесе ерекше залал үшін жауапты болмайды.
Бұл шектеу тұтынушының Қазақстан Республикасының тұтынушылар құқықтарын қорғау заңымен қамтамасыз етілген зиянды өтемақы талаптарын шектемейді, оның ішінде ақаулы Өнімдерді пайдаланудан туындаған залалдар.
VIII. БАЙЛАНЫС АҚПАРАТЫ
Қосымша ақпарат алу үшін: https://www.mi.com/kz-kk/support/ сайтынан қараңыз. Қосымша көмек алу үшін келесі байланыс деректерімен хабарласыңыз: 8-800-100-30-00 (Дүйсенбі — Жұма: Астана уақыты бойынша 09:00-18:00).
Xiaomi ЭКО өнімдер үшін шектеулі кепілдік саясаты
I. ЖАЛПЫ АҚПАРАТ
Бұл Xiaomi Technologies Kazakhstan LLP ("Xiaomi", "біз" немесе "біздікі") компаниясының ресми шектеулі кепілдік саясаты ("Саясат"), тек XIAOMI ЭКО өнімдер ("Өнім") өнімдеріне қолданылады, оларды тұтынушы ("Тұтынушы" немесе "Сіз") Xiaomi компаниясынан тікелей сатып алған.
Xiaomi Technologies Kazakhstan LLP — Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құрылған шектеулі жауапкершілігі бар серіктестік, бизнес сәйкестендіру нөмірі 240440000964, тіркелген мекенжайы: Офис 2101, 2 блок, 10 қабат, "Жібек Жолы" бизнес орталығы, Жібек Жолы даңғылы, 135, Алматы қаласы, Қазақстан Республикасы.
II. КЕПІЛДІК САЯСАТЫ
Xiaomi Өнімнің сапаны қамтамасыз ету және сапаны бақылау рәсімдерінен өткенін кепілдік береді. Xiaomi барлық Өнімдер нормалық жағдайда пайдалану кезінде материалдық және өндірістік ақаулардан бос болмайтынын кепілдемейді. Алайда, Xiaomi Қазақстан Республикасының тұтынушылар құқықтарын қорғау туралы № 274-IV заңына сәйкес белгіленген минималды кепілдік мерзімін жоққа шығармайды, шектемейді немесе жоя алмайды. Xiaomi Өнімі үздіксіз жұмыс істейтіндігіне немесе қателіксіз жұмыс істейтіндігіне кепілдік бермейді.
Кепілдік мерзімі сатып алу күнінен немесе Өнімді іске қосу күнінен бастап есептеледі, қайсысы ертерек басталатынына байланысты.
Өнімдер | Қызмет мерзімі | Кепілдік мерзімі | Кепілдік міндеттемелерінің көлемі | Қызмет түрі |
Сағат | 2 жыл | 1 жыл | Өндірістік және бөлшектер | Қызмет көрсету орталығында / Пошта арқылы |
Smart band | 2 жыл | 1 жыл | Өндірістік және бөлшектер | Қызмет көрсету орталығында / Пошта арқылы |
Құлаққаптар | 1 жыл | 1 жыл | Өндірістік және бөлшектер | Қызмет көрсету орталығында / Пошта арқылы |
Сағат белдеушелері | / | 14 күн | Өндірістік және бөлшектер | Қызмет көрсету орталығында / Пошта арқылы |
TV BOX | 5 жыл | 1 жыл | Өндірістік және бөлшектер | Қызмет көрсету орталығында / Пошта арқылы |
TV Stick | 5 жыл | 1 жыл | Өндірістік және бөлшектер | Қызмет көрсету орталығында / Пошта арқылы |
Speaker (Телевизор үшін) | 5 жыл | 1 жыл | Өндірістік және бөлшектер | Қызмет көрсету орталығында / Пошта арқылы |
Қызмет көрсету орталықтары Қазақстан Республикасының негізгі қалаларында бар. Біздің ресми қызмет көрсету орталықтарының тізімі мен мекенжайларын https://www.mi.com/kz-kk/support/ сайтынан таба аласыз және өзіңізге жақын сервис орталығына барып қызмет ала аласыз.
Қызмет көрсету орталығына жеткізу Қазақстан Республикасының ірі қалаларының көбінде қолжетімді. Егер сіздің қалаңызда қызмет көрсету орталығы болмаса, Xiaomi колл-орталығының қызметкері ақаулы құрылғыны уәкілетті қызмет көрсету орталығына жеткізу үшін курьер тағайындайды. Құрылғы жөнделгеннен кейін көрсетілген мекенжайға қайтарылады. Жеткізу құнын Xiaomi компаниясы төлейді.
III. ЗАҢДЫҚ ШАРАЛАР
Өнімнің ақауы анықталып, кепілдік мерзімі ішінде жарамды шағым түссе, Xiaomi:
(a) Өнімді тегін жөндеп, жаңа ресми қосалқы бөлшектерді қолдануға міндеттенеді;
(b) Егер ақау 14 (он төрт) күнтізбелік күн ішінде анықталса, Өнімді жаңаға ауыстырады;
(c) Егер ақау 14 (он төрт) күнтізбелік күн ішінде анықталса, Өнімді қайтара алады.
Xiaomi қайтару шығындарын өтейді, қайтару өндірістік ақаулар немесе Xiaomi-ға қатысты қателіктерден туындаса да, немесе Өнім(дер) дұрыс сапада болса да.
Ауыстырылған Өнім(дер) кепілдігі алғашқы кепілдік мерзімінің қалған уақытына, бірақ кемінде 30 (отыз) күн немесе сіздің заңдарыңызда рұқсат етілген қосымша уақыт ішінде жарамды болады.
IV. КЕПІЛДІК ҚЫЗМЕТІН ҚАЛАЙ АЛУҒА БОЛАДЫ
Тұтынушылар құқықтарын қорғау заңына сәйкес, Xiaomi сатып алу туралы түбіртек пен Өнімнің сериялық нөмірі бар кепілдік картасын сұрауы мүмкін. Сіз Өнімде сақталған деректерді, бағдарламалық жасақтама мен басқа материалдарды сақтауды өз жауапкершілігіңізге аласыз. Бұл деректер, бағдарламалар немесе басқа материалдар қызмет көрсету барысында жоғалуы немесе қайта пішімделуі мүмкін. Xiaomi мұндай залал үшін жауапкершілік көтермейді.
V. ЕРЕКШЕЛІТЕР МЕН ШЕКТЕУЛЕР
Егер Xiaomi басқаға сілтеме жасамаса, бұл Саясат тек Xiaomi немесе “Mi” сауда маркасымен немесе логотипімен өндірілген немесе шығарылған Өнімдерге қолданылады.
Саясат келесі жағдайларға қолданылмайды:
(a) табиғи апаттардан туындаған зақымдар, мысалы, найзағай, торнадо, су тасқыны, өрт, жер сілкінісі немесе басқа сыртқы себептер;
(b) абайсыздық;
(c) коммерциялық пайдалану;
(d) Өнімнің кез келген бөлігін өзгерту;
(e) үшінші тарап өнімдерін пайдалану салдарынан туындаған зақымдар;
(f) оқыс жағдайлардан, асыра пайдаланудан немесе дұрыс пайдаланбаудан туындаған зақымдар;
(g) Өнімді дұрыс емес мақсатта немесе сәйкес келмейтін кернеу немесе қуат көзімен пайдалану салдарынан туындаған зақымдар;
(h) Xiaomi емес қызметкерлері орындаған қызмет көрсету (жөндеу немесе жаңарту) кезінде пайда болған зақымдар;
(i) Өнімді пайдалану жөніндегі нұсқауларды орындамау.
Бағдарламалар мен пайдаланушы деректерін қалпына келтіру және қайта орнату бұл Саясатқа енгізілмейді. Xiaomi-дің сауда өкілдері, агенттері немесе қызметкерлері осы Саясатқа өзгерістер немесе толықтырулар енгізуге құқылы емес. Егер қандай да бір шарт заңсыз немесе орындалмайтын болып табылса, қалған ережелердің заңдылығы немесе орындалуы бұзылмайды.
Қызмет көрсету тек Қазақстан Республикасындағы Өнімдерге қатысты ұсынылады, егер Өнімдер ҚР-да сатып алынған болса, Xiaomi осы аумақ шегінен тыс қамтуды кеңейту үшін арнайы қызмет ұсынатын жағдайларды қоспағанда.
Бұл Саясат Xiaomi-дан сатып алынбаған немесе дұрыс импортталмаған және (немесе) Xiaomi компаниясынан сатып алынбаған Өнімдерге қолданылмайды.
Кепілдік міндеттемелеріне кірмейтін Өнімді жөндеу барысында ауыстырылған ақаулы қосалқы бөлшектер тиісті жұмыстар аяқталғаннан кейін сізге қайтарылады. Кепілдік шеңберінде жүргізілген Өнімді жөндеу кезінде ауыстырылған ақаулы қосалқы бөлшектер қайтарылуға жатпайды.
Жөндеу аяқталғаннан кейін бір ай ішінде бізбен байланыса алмасақ, Xiaomi өнімді алған күннен бастап алты ай бойы сақтайды. Осы мерзім өткеннен кейін, егер сіз Өнімді қайтаруды талап етпесеңіз, Xiaomi ешқандай өтемақысыз немесе басқа төлемдерсіз белгіленген процедураларға сәйкес Өнімді жою құқығын өзіне қалдырады.
VI. ЖАНАМА ГАРАНТИЯЛАР
Бұл Саясат Қазақстан Республикасының тұтынушылар құқықтарын қорғау заңымен қамтамасыз етілген жанама кепілдіктерді, оның ішінде, бірақ шектеусіз, тауарлық күй мен нақты мақсатқа жарамдылық кепілдігін жоққа шығармайды немесе шектемейді. Сіз Өнімдердің келісім шартқа сәйкес емес екенін аныұтасаңыз, оларды ауыстыру немесе жөндеу үшін қайтарып бере аласыз, егер осы сәйкессіздік кепілдік мерзімі ішінде байқалса, Xiaomi Өнім(дер) үшін ұзақ сақтау мерзімін белгілемеген болса. Өнімдерде келісім шартқа сәйкессіздік байқалса, олардың қайтарылуы тұтынушылар құқықтарын қорғау заңымен реттеледі.
Кепілдік мерзімі ішінде қандай да бір ақау табылса, тұтынушы Қазақстан Республикасының тұтынушылар құқықтарын қорғау заңының ережелері бойынша талап қоюға құқылы, бұл ретте тұтынушы дефекттің жеткізілу кезінде бар екендігін немесе жеткізуден бұрын туындағанын дәлелдеуге міндетті.
VII. ЗАЛАЛДЫ ШЕКТЕУ
Қазақстан Республикасының тұтынушылар құқықтарын қорғау туралы заңында рұқсат етілген дәрежеде Xiaomi тауардағы ақаулар немесе шарттық немесе заңмен белгіленген міндеттемелерді бұзу салдарынан келтірілген залалды қоспағанда, пайданы, кірістерді немесе деректерді жоғалтуды қоса алғанда, кездейсоқ, жанама немесе ерекше залал үшін жауапты болмайды.
Бұл шектеу тұтынушының Қазақстан Республикасының тұтынушылар құқықтарын қорғау заңымен қамтамасыз етілген зиянды өтемақы талаптарын шектемейді, оның ішінде ақаулы Өнімдерді пайдаланудан туындаған залалдар.
VIII. БАЙЛАНЫС АҚПАРАТЫ
Қосымша ақпарат алу үшін: https://www.mi.com/kz-kk/support/ сайтынан қараңыз. Қосымша көмек алу үшін келесі байланыс деректерімен хабарласыңыз: 8-800-100-30-00 (Дүйсенбі — Жұма: Астана уақыты бойынша 09:00-18:00).
ШЕКТЕУЛІ КЕПІЛДІК МӘЛІМДЕМЕСІ
Осы шектеулі кепілдік тек Xiaomi өнімдеріне қолданылады. Қалыпты пайдалану жағдайында Xiaomi уәкілетті сервис орталықтары өз қалауы бойынша кепілдік мерзімі ішінде тегін жөндеу және/немесе ауыстыру қызметтерін ұсына алады.
Өнім | Кепілдік мерзімі | Кепілдік қызметі |
Mijia тоңазытқышы | 12 ай | Орнында |
Компрессор | Инверторлы 120 ай | Орнында |
Назар аударыңыз, шектеулі кепілдік мерзімі тұтынушының тиісті Xiaomi өнімін алғаш рет сатып алған күнінен басталады.
1. Осы шектеулі кепілдік тек Қазақстанда жарамды және өнім халықаралық кепілдік қызметтеріне жатпайды. Заңмен рұқсат етілген шекте кепілдік қызметін тек Xiaomi немесе Xiaomi уәкілетті сервис орталықтары ғана орындай алады.
2. Xiaomi ақаулардың/кемшіліктердің себептерін анықтау үшін тұтынушылардың өнімдеріне диагностикалық сынақтар жүргізе алады. Кез келген құрылғыны жөндеуге қайтармас бұрын, тұтынушылар өнімнен құпия және/немесе жеке ақпаратты жоюы тиіс. Xiaomi кез келген бағдарламалардың, деректердің немесе алынбалы сақтау құрылғыларының зақымдануы немесе жоғалуы үшін жауапты емес.
3. Xiaomi сервис агентіне хабарласпас бұрын, тұтынушылар келесі ақпаратты дайындап, ұсынуы тиіс: a) Өнімнің моделі және сериялық нөмірі (бар болса); b) Тұтынушының толық мекенжайы мен байланыс ақпараты; c) Тапсырыс нөмірі және тұтынушының түпнұсқа шотының/түбіртегінің көшірмесі.
4. Жөнделген өнімге немесе бөлшекке кепілдік оның қалған кепілдік мерзімі ішінде немесе жөндеу аяқталған күннен бастап 30 күн ішінде, қайсысы ұзағырақ болса, сол мерзімге дейін жарамды болады.
5. Бұл кепілдік келесі жағдайларды қамтымайды: a) Егер өнімнің сериялық нөмірі немесе кепілдік мөрі оқылмайтын болса немесе алынып тасталса, өшірілсе, бүлінсе, өзгертілсе және/немесе бұзылса. Егер өнімнің қандай да бір керек-жарағы немесе сыртқы бөлігі жетіспейтін болса; b) Кез келген табиғи тозу, экстремалды жағдайларда пайдалану, дұрыс күтім жасамау салдарынан зақымдану (жазатайым оқиға, дұрыс пайдаланбау, дұрыс күтім жасамау салдарынан зақымдану (жазатайым оқиға, дұрыс пайдаланбау немесе абайсыздық), сондай-ақ найзағай соғуы, қалыптан тыс кернеу, форс-мажорлық жағдайлар, мысалы, су тасқыны, өрт немесе жер сілкінісі салдарынан зақымдану; c) Егер өнімнің сыртқы бетінде қандай да бір зақым пайда болса, оның ішінде, бірақ олармен шектелмей, сыртқы корпустардағы, экрандардағы, түймелердегі және басқа қосымша бөлшектердегі жарықтар, ойықтар немесе сызаттар; d) Қалыпты тозу салдарынан өнімнің сапасының нашарлауы, оның ішінде, бірақ олармен шектелмей, тот немесе дақтар; e) Іскерлік этикаға қайшы келетін немесе сәйкес келмейтін кез келген басқа жағдайлар.
6. Xiaomi өз қалауы бойынша жоғарыда аталған стандарттарға сәйкес өнімнің «кепілдіктен тыс» екенін анықтайды. Кепілдіктен тыс өнімдерді жөндеу Xiaomi уәкілетті сервис орталығымен бөлек бағаланады және тиісті қызмет қызмет ақысы төленгеннен кейін көрсетіледі.
7. Кепілдік тек осы өнімнің бірінші сатып алушысына ғана беріледі және ол басқаға берілмейді. Кез келген кепілдік талабын қою үшін тұтынушының тиісті моделі мен құрылғының сериялық нөмірі көрсетілген түпнұсқа шоты/түбіртегі ұсынылуы керек.
8. Жөндеу немесе ауыстыру Xiaomi уәкілетті сервис орталығы арқылы жүзеге асырылады.
9. Тоңазытқышты орнату үшін тұтынушы тиісті өнімді сататын біздің уәкілетті дилерімізге/дистрибьюторымызға/бөлшек сатушыға жүгіне алады.
10. Осы кепілдік бойынша міндеттемелер тек бөлшектерді жөндеумен немесе ауыстырумен шектеледі.
11. Егер өнім тұтынушы тасымалдау кезінде зақымдалса, жөндеу Xiaomi уәкілетті сервис орталығымен тұтынушының есебінен жүзеге асырылады. Қалған мерзімге кепілдік бастапқы сатып алынған күннен бастап жалғасады.
12. Xiaomi және/немесе Xiaomi уәкілетті сервис орталығы кепілдік мерзімі ішінде жабдықта ақау анықталған жағдайда өз қалауы бойынша ауыстырылған кез келген бөлшектерді немесе компоненттерді өзінде қалдыруға құқылы.
13. Бөлшектерді ауыстыру тек Xiaomi-нің қалауы бойынша жүзеге асырылады. Егер бүкіл құрылғы ауыстырылатын болса, сол модель ауыстырылады, ал егер мұндай модель өндірістен шығарылған болса, ол Xiaomi қалауы бойынша баламалы модельмен ауыстырылады.
14. Кез келген күтпеген жағдайлар туындаған және қосалқы бөлшектер болмаған жағдайда, Xiaomi-нің қолданыстағы амортизациялық ережелері тұтынушы үшін жөндеудің орнына коммерциялық шешім ретінде қабылдауға міндетті болады.
15. Осы кепілдік онда көрсетілген кепілдік мерзімі аяқталғаннан кейін автоматты түрде жарамсыз болады.
16. Ешбір дилер/дистрибьютор/бөлшек сатушы жоғарыдағы кепілдік шарттарын өзгертуге құқылы емес.
17. Кепілдік тек Қазақстанда сатып алынған өнімдерге қолданылады. Қызмет көрсету ақысы Қазақстаннан тыс жерде сатып алынған өнімдер үшін әртүрлі болуы мүмкін.
18. Өнімге қатысты кез келген мәселелер бойынша тұтынушы service.kz.ru@support.mi.com/service.kz@support.mi.com электрондық поштасына хат жібере алады немесе Xiaomi тұтынушыларға қызмет көрсету орталығына хабарласа алады: 88000808328/+77273574606 (дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін).
ШЕКТЕУЛІ КЕПІЛДІК МӘЛІМДЕМЕСІ
Осы шектеулі кепілдік тек Xiaomi өнімдеріне қолданылады. Қалыпты пайдалану жағдайында Xiaomi уәкілетті сервис орталығы өз қалауы бойынша кепілдік мерзімі ішінде тегін жөндеу және/немесе ауыстыру қызметтерін ұсына алады.
Өнім | Кепілдік мерзімі | Кепілдік қызметі |
Mijia кір жуғыш-кептіргіш машинасы | 12 ай | Орнында |
Мотор | 144 ай | Орнында |
Назар аударыңыз, шектеулі кепілдік мерзімі тұтынушының тиісті Xiaomi өнімін алғаш рет сатып алған күнінен басталады.
Осы шектеулі кепілдік тек Қазақстанда жарамды және өнім халықаралық кепілдік қызметтеріне жатпайды. Заңмен рұқсат етілген шекте кепілдік қызметін тек Xiaomi немесе Xiaomi уәкілетті сервис орталықтары ғана орындай алады.
Xiaomi ақаулар мен кемшіліктердің себептерін анықтау үшін тұтынушылардың өнімдеріне диагностикалық сынақтар жүргізе алады. Кез келген Xiaomi өнімін жөндеуге немесе қызмет көрсетуге жібермес бұрын, тұтынушылар Xiaomi өнімінен құпия және/немесе жеке ақпаратты жоюы тиіс. Xiaomi кез келген бағдарламалардың, деректердің немесе алынбалы сақтау құрылғыларының зақымдануы немесе жоғалуы үшін жауапты емес.
Xiaomi сервис агентіне хабарласпас бұрын, тұтынушылар келесі ақпаратты дайындап, ұсынуы тиіс: (a) Өнімнің моделі және сериялық нөмірі (бар болса), (b) Тұтынушының толық мекенжайы мен байланыс ақпараты, (c) Тапсырыс нөмірі және тұтынушының түпнұсқа шотының/түбіртегінің көшірмесі.
Жөнделген өнімге немесе бөлшекке кепілдік оның қалған кепілдік мерзімі ішінде немесе жөндеу аяқталған күннен бастап 30 күн ішінде, қайсысы ұзағырақ болса, сол мерзімге дейін жарамды болады.
Бұл кепілдік келесі жағдайларды қамтымайды: (a) Егер өнімнің сериялық нөмірі немесе кепілдік мөрі оқылмайтын болса немесе алынып тасталса, өшірілсе, бүлінсе, өзгертілсе және/немесе бұзылса. Егер өнімнің қандай да бір керек-жарағы немесе сыртқы бөлігі жетіспейтін болса; (b) Кез келген табиғи тозу, экстремалды жағдайларда пайдалану, дұрыс күтім жасамау салдарынан зақымдану, мысалы, жазатайым оқиға, дұрыс пайдаланбау, дұрыс күтім жасамау салдарынан зақымдану, абайсыздық, сондай-ақ найзағай соғуы, қалыптан тыс кернеу, форс-мажорлық жағдайлар, мысалы, су тасқыны, өрт немесе жер сілкінісі салдарынан зақымдану; (c) Егер өнімнің сыртқы бетінде қандай да бір зақым пайда болса, оның ішінде, бірақ олармен шектелмей, сыртқы корпустардағы, экрандардағы, түймелердегі және басқа қосымша бөлшектердегі жарықтар, ойықтар немесе сызаттар; (d) Қалыпты тозу салдарынан өнімнің сапасының нашарлауы, оның ішінде, бірақ олармен шектелмей, тот немесе дақтар; (e) Іскерлік этикаға қайшы келетін немесе сәйкес келмейтін кез келген басқа жағдайлар.
Xiaomi өз қалауы бойынша жоғарыда аталған стандарттарға сәйкес өнімнің «кепілдіктен тыс» екенін анықтайды. Кепілдіктен тыс өнімдерді жөндеу Xiaomi уәкілетті сервис орталығымен бөлек бағаланады. Тиісті қызмет қызмет ақысы төленгеннен кейін көрсетіледі.
Кепілдік тек Xiaomi өнімінің бірінші сатып алушысына ғана беріледі және ол басқаға берілмейді. Кез келген кепілдік талабын қою үшін тұтынушының тиісті моделі мен құрылғының сериялық нөмірі көрсетілген түпнұсқа шоты/түбіртегі ұсынылуы керек.
Жөндеу немесе ауыстыру Xiaomi уәкілетті сервис орталығы арқылы жүзеге асырылады.
Кір жуғыш машинаны орнату үшін тұтынушы тиісті кір жуғыш машинаны сататын біздің уәкілетті дилерімізге/дистрибьюторымызға/бөлшек сатушыға жүгіне алады.
Осы кепілдік бойынша міндеттемелер тек бөлшектерді жөндеумен немесе ауыстырумен шектеледі.
Егер өнім тұтынушы тасымалдау кезінде зақымдалса, жөндеу Xiaomi уәкілетті сервис орталығымен тұтынушының есебінен жүзеге асырылады. Қалған мерзімге кепілдік бастапқы сатып алынған күннен бастап жалғасады.
Xiaomi және/немесе Xiaomi уәкілетті сервис орталығы кепілдік мерзімі ішінде жабдықта ақау анықталған жағдайда өз қалауы бойынша ауыстырылған кез келген бөлшектерді немесе компоненттерді өзінде қалдыруға құқылы.
Бөлшектерді ауыстыру тек Xiaomi-нің қалауы бойынша жүзеге асырылады. Егер бүкіл құрылғы ауыстырылатын болса, сол модель ауыстырылады, ал егер мұндай модель өндірістен шығарылған болса, ол Xiaomi қалауы бойынша баламалы модельмен ауыстырылады.
Кез келген күтпеген жағдайлар туындаған және қосалқы бөлшектер болмаған жағдайда, Xiaomi-нің қолданыстағы амортизациялық ережелері тұтынушы үшін жөндеудің орнына коммерциялық шешім ретінде қабылдауға міндетті болады.
Осы кепілдік онда көрсетілген кепілдік мерзімі аяқталғаннан кейін автоматты түрде жарамсыз болады.
Ешбір дилер/дистрибьютор/бөлшек сатушы жоғарыдағы кепілдік шарттарын өзгертуге құқылы емес.
Кепілдік тек Қазақстанда сатып алынған өнімдерге қолданылады. Қызмет көрсету ақысы Қазақстаннан тыс жерде сатып алынған өнімдер үшін әртүрлі болуы мүмкін.
Өнімге қатысты кез келген мәселелер бойынша тұтынушы service.kz.ru@support.mi.com/service.kz@support.mi.com электрондық поштасына хат жібере алады немесе Xiaomi тұтынушыларға қызмет көрсету орталығына хабарласа алады: 88000808328/+77273574606 (дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін).
Xiaomi Өнімді Қайтару Нұсқаулығы
I. ЖАЛПЫ АҚПАРАТ
Бұл нұсқаулық Xiaomi компаниясының ("Xiaomi" немесе "біз") өнімді қайтару нұсқаулығы болып табылады және ол тек тұтынушы ("Тұтынушы" немесе "Сіз") Сяоми Технолоджис Қазақстан ЖШС ("Xiaomi") компаниясының mi.com/kz ("Сайт") ресми сайтынан сатып алған өнімдеріне қолданылады.
Сяоми Технолоджис Қазақстан ЖШС – Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тіркелген жауапкершілігі шектеулі серіктестік, оның бизнес сәйкестендіру нөмірі – 240440000964, тіркелген мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Жібек Жолы даңғылы 135, "Жібек Жолы" бизнес орталығы, 10-қабат, 2-блок, 2101-кеңсе.
Егер өнімді басқа сауда арналары арқылы сатып алсаңыз, сатушыға тікелей хабарласыңыз.
Барлық қайтарулар Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 4 мамырдағы № 274-IV "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" заңына ("Тұтынушылар заңы") сәйкес келуі тиіс. Толығырақ ақпаратты mi.com/kz сайтындағы “Қолдану шарттары” бөлімінен таба аласыз.
МАҢЫЗДЫ. Өнімді қайтармас бұрын, келесі әрекеттерді орындаңыз:
(a) Өнімде сақталған барлық жеке деректер мен құпия ақпараттарды көшіріп, жойыңыз;
(b) Өніммен байланысты барлық аккаунттан шығыңыз (мысалы, Xiaomi Mi аккаунты, Google аккаунты);
(c) Өнімді басқа құрылғылардан ажыратыңыз (егер қажет болса).
Xiaomi компаниясы сіздің тарапыңыздан деректер жойылмаған жағдайда туындаған деректердің жоғалуына жауапты емес.
Келесі жағдайларда Xiaomi компаниясына қайтарылатын өнімдер қайтаруға жарамсыз болып есептеледі және кері қайтарылады:
(a) Өнім mi.com/kz сайтынан сатып алынбаған;
(b) Өнім Тұтынушының арнайы талаптарына сәйкес жасалған және оның жеке қажеттіліктеріне арналған;
(c) Өнім жеткізілгеннен кейін табиғатына байланысты басқа заттармен ажырамас түрде біріктірілген;
(d) қайтарылмайтын орауышта жеткізілген Өнім жеткізілгеннен кейін, денсаулықты қорғау немесе гигиеналық себептерге байланысты мөрі ашылған жағдайда (мысалы, электр тіс щеткасы, электр ұстара басы және т.б.);
(e) Өнімнің сандық нұсқалары;
(f) орауы ашылған бағдарламалық жасақтама, аудио және бейнежазбалар; немесе.
(g) байланыс құрылғылары (мысалы, SIM-карта қолдайтын смартфондар, планшеттер ).
II. СТАНДАРТТЫ ҚАЙТАРУ САЯСАТЫ
2.1. Тиісті сападағы өнімдер
Сіз Өнімді (Өнімдерді) сатып алған күннен бастап 14 (он төрт) күнтізбелік күн ішінде ешқандай себепсіз қайтарып, төленген қаражатты қайтарып ала аласыз, егер ол пайдаланылмаған болса, оның тауарлық түрі, тұтынушылық қасиеттері, пломбалары, жапсырмалары сақталған жағдайда, сондай-ақ Өнімді (Өнімдерді) сатып алуды растайтын құжат ұсынылған жағдайда. Өнімде пайдалану белгілері болмауы керек, ол түпнұсқа қаптамада, барлық керек-жарақтарымен, соның ішінде нұсқаулықтармен және басқа да құрамдас бөліктермен бірге қайтарылуы тиіс.
Егер Өніммен бірге сыйлық ұсынылса, ол да негізгі Өніммен бірге қайтарылуы тиіс. Бұл ретте сыйлықтың да пайдалану белгілері болмауы, тауарлық түрі, тұтынушылық қасиеттері, пломбалары, жапсырмалары және қаптамасы сақталуы қажет.
Аталған ережелер абоненттікбайланыс құрылғыларына қатысты жағдайларда (мысалы, смартфондар, SIM картасы бар планшеттер Мұндай тауарлар тауарлық түрі, тұтынушылық қасиеттері, пломбалары, жапсырмалары сақталғанына және Тауар(ларды) сатып алғанын растайтын құжат ұсынылғанына қарамастан қайтарылуға немесе айырбасталуға жатпайды..
2.2. Өндірісік ақаулары бар өнімдер
Егер Өнімнің жеткізілген кездегі сатып алу келісіміне сәйкес келмеуі байқалса және ол кепілдік мерзімінде анықталса, Өнімді ауыстыру немесе жөндеу үшін қайтаруға болады. Сатып алу келісіміне сәйкес келмейтін Өнімдерді қайтару Тұтынушылар заңының қолданыстағы ережелерімен реттеледі.
Толық ақпаратты Кепілдік саясаты бетінен табуға болады.
Ескерту. Егер Сіз жөндеуді сұрасаңыз, Xiaomi компаниясы ауыстыруды таңдауы мүмкін немесе Сіз ауыстыруды сұрасаңыз, Xiaomi жөндеуді таңдауы мүмкін. Бұл жағдай Сіздің таңдауыңыз бойынша Өнімді сатып алу келісіміне бейімдеудің мүмкін болмауы немесе Xiaomi үшін шамадан тыс шығындарды қажет етуіне байланысты туындайды. Егер жөндеу мен ауыстырудың екеуі де мүмкін болмаса немесе шығындар шамадан тыс болса, Xiaomi Өнімді сатып алу келісіміне бейімдеуден бас тартуға құқылы.
Сайттағы қайтару процесі мен саясаты туралы қосымша ақпаратты осы беттің Қосымша қайтару ақпараты бөлімінен қараңыз.
III. ҚАЙТАРЫЛАТЫН ӨНІМДІ ЖЕТКІЗУІ
3.1. Қайтарылатын өнімді жеткізу құны
Өнімнің қайтарылуы өндірістік ақауларға немесе Xiaomi-ге жатқызылатын қателіктерге байланысты болсын, не Өнімнің сапасына тиісті болсын, қайтарылатын өнімнің жеткізу құнын Xiaomi өз мойнына алады.
3.2. Жеткізу нұсқаулығы
Қайтару сұрауы мақұлданғаннан кейін, қайтарылатын өнімді жеткізу жапсырмасы электрондық пошта арқылы жіберіледі. Тұтынушылар Xiaomi команиясының қайтару саясатының хатында берілген жеткізу нұсқауларын орындауы керек.
МАҢЫЗДЫ. Өнім қайтару жапсырмасы алынғаннан кейін 14 (он төрт) күнтізбелік күн ішінде жіберілуі керек. Осы мерзімді сақтамау қайтару сұрауының жарамсыз деп танылуына әкеледі.
IV. XIAOMI ӨНІМІН ҚАЙТАРУ ӘДІСІ
Өнімді қайтару қадамдары төмендегідей:

4.1. Өнімді қайтару сұрауын жасау
Қайтару қызметінің нөмірін алу үшін келесі әдістердің бірін пайдаланыңыз:
(a) Mi аккаунтына кіріп, mi.com/kz сайтындағы Тапсырыстар орталығы арқылы Өнімді қайтару немесе ауыстыру сұрауын жіберу; немесе
(b) Xiaomi Клиенттер Қызметі Орталығына хабарласу:
· Онлайн-чат; немесе
· 8-800-100-30-00 жедел желі нөміріне қоңырау шалу (дүйсенбі-жұма күндері, сағат 09:00-18:00 аралығында жұмыс істейді); немесе
· Электрондық пошта: service.kz@support.mi.com.
Ескерту. Егер өнімді қайтару сұрауын жасау мүмкін болмаса, Xiaomi компаниясының Клиенттерге арналған байланыс орталығынан қолдау алу үшін хабарласыңыз.
4.2. Қайтару жапсырмасын беру
Қайтару сұрауын жіберіп, Өнімді қайтару (ауыстыру) өтінішін толтырғаннан кейін (Себепсіз қайтару туралы өтініш үлгісі_KZ, Сапа мәселесіне байланысты қайтаруауыстыру туралы өтініш үлгісі_KZ) Xiaomi сіздің сұрауыңызды өңдейді.
(a) Егер мақұлданса, сізге қайтару сұрауының қабылданғанын растайтын қайтару жапсырмасы 2 (екі) жұмыс күні ішінде электрондық пошта арқылы жіберіледі.
(b) Қайтару жапсырмасы арқылы сіз Өнімді алдын ала төленген жүк қызметі арқылы Xiaomi компаниясына жібере аласыз.
4.3. Өнімді дайындау және жөнелту
Қайтару жапсырмасын алғаннан кейін:
(a) Жеке деректерді сақтап, жою. Барлық жеке деректерді сақтап, Өнімнен жойыңыз. Xiaomi Mi аккаунты немесе Google аккаунты сияқты байланысты барлық аккаунттардан шығыңыз.
(b) Өнімді қауіпсіз орау. Өнімді бастапқы қаптамасымен, барлық керек-жарақтарымен, нұсқаулықтарымен және сатып алуды растаушы құжатпен бірге мұқият ораңыз.
(c) Жүк тасымалдаушы қызметі арқылы жөнелту. Белгіленген Pony Express (“Логистикалық қызмет көрсетуші”) курьері Өнімді сіз көрсеткен мекенжайдан алып кетіп, оны 3 (үш) жұмыс күні ішінде немесе келісілген мерзімде Бекітілген қызмет көрсету орталығына жеткізеді.
МАҢЫЗДЫ. Өнім қайтару жапсырмасын алғаннан кейін, 14 (он төрт) күнтізбелік күн ішінде Xiaomi компаниясына жіберілуі тиіс. Осы мерзімді сақтамау қайтару сұрауының жарамсыз деп танылуына әкеледі.
4.4. Xiaomi Бекітілген қызмет көрсету орталығында өңдеу
Xiaomi Бекітілген қызмет көрсету орталығы Өнімді қабылдағаннан кейін, оны қайтару шарттарына сәйкестігін тексереді.
Өнім қабылданған соң, Xiaomi Орталығы қайтару сұрауыңызды өңдейді.
4.5. Қайтару, ауыстыру немесе жөндеу
(a) Егер Өнім қайтару шарттарына сәйкес келсе:
· Қайтару. Ақша Сіздің бастапқы төлем әдісіңізге аударылады. Ақшаны қайтару мерзімі Клиенттің картасын немесе шотын шығарған банкке байланысты анықталады және әдетте 3 (үш) пен 10 (он) жұмыс күні арасында жүзеге асырылады. Клиентке қайтару туралы хабарлама келмеуі мүмкін, сондықтан банк үзіндісін үнемі тексеруді ұсынамыз. Егер қаражат картаға немесе шотқа аударылмаса, Клиент Xiaomi бастамасымен қайтару операциясының күйі мен мәліметтерін тексеру үшін өз банкке хабарласуы тиіс.
· Ауыстыру. Жаңа Өнім Xiaomi ауыстыру туралы шешім қабылдаған кезінен бастап сізге 10 (он) күнтізбелік күн ішінде жіберіледі.
(b) Егер Өнім қайтару шарттарына сәйкес келмесе
Xiaomi Өнімді сізге тікелей қайтарады (ақшаны қайтармай немесе ауыстырмай).
(c) Егер Өнімді жөндеу қажет болса
Xiaomi сізбен байланысып, келесі қадамдарды талқылайды және жөндеуді ұйымдастырады.
V. ҚОСЫМША ҚАЙТАРУ АҚПАРАТЫ
5.1. Жинақтар
Жинақтар екі немесе одан да көп заттарды жеңілдік алу үшін бірге сатып алуға мүмкіндік береді. Жинақ құрамындағы заттар ақшаны қайтару үшін жеке-жеке қайтарылмайды.
5.2. Науқандық тауарлар мен сыйлықтар
Xiaomi өз өнімдерімен бірге тегін науқандық тауарлар ұсына алады. Xiaomi акциялық заттарды Өнімдермен бірге қайтаруды талап етеді.
5.3. Қайтаруға/ауыстыруға жарамсыз өнімдер
(a) Қайтару мерзімінің өтуі
Егер Өнім қайтаруға/ауыстыруға болатын мерзімінен асып кетсе, оны Xiaomi компаниясына қайтару/ауыстыру мүмкін емес. Алайда, Сіз әлі де кепілдік мерзімі шегінде болуыңыз мүмкін. Xiaomi компаниясының кепілдік шарттарын және опцияларын тексеру үшін Кепілдік Саясаты бетіне жүгініңіз.
(b) Қайтаруға немесе ауыстыруға жатпайтын заттар
Егер Өнім қайтаруға, ауыстыруға немесе екеуіне де жатпаса, Өнім әлі де кепілдік мерзімі шегінде болуы мүмкін. Xiaomi кепілдік шарттарын және опцияларын тексеру үшін Кепілдік саясаты бетіне жүгініңіз.
Егер Өнім қайтару саясаты мен өнім бетінде көрсетілген уақыт шеңберіне сәйкес келсе, бірақ қайтару сұрауын бастай алмасаңыз, қосымша көмек алу үшін Xiaomi Клиенттерге қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
VI. АРНАЙЫ ЕРЕЖЕЛЕР
6.1. Форс-Мажор Ережесі
Табиғи апаттар, нормативтік өзгерістер немесе басқа да форс-мажор жағдайлары сияқты күтпеген оқиғаларға байланысты қайтару немесе ауыстыру кешіктірілуі мүмкін.
6.2. Дауларды шешу
Осы нұсқаулықтан туындайтын барлық даулар Тұтынушылар заңына сәйкес шешіледі.
ҚАЙТАРУДЫҢ ЖАЛПЫ НҰСҚАУЛЫҚТАРЫ
Осы нұсқаулық Xiaomi компаниясының (бұдан әрі - «Xiaomi», «біз», «біздің») тұрмыстық техниканы қайтару саясаты болып табылады және ол тұтынушылар (бұдан әрі - «сіз», «тұтынушы», «клиент») «XIAOMI TECHNOLOGIES KAZAKHSTAN» ЖШС-нен (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелген компания, заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 050000, Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Жібек Жолы даңғылы, 135 үй, 2101 кеңсе, БСН 240440000964) https://www.mi.com/kz-ru/ интернет-дүкені, Xiaomi Kaspi ресми дүкені (бұдан әрі - «Веб-сайт») және Mi фирмалық дүкендері (Mi homes) арқылы тікелей сатып алған үлкен тұрмыстық техника өнімдеріне (бұдан әрі - «тауарлар»), оның ішінде кір жуғыш машиналар мен тоңазытқыштарға ғана қолданылады. Үлкен тұрмыстық техникаға жатпайтын тауарларға қатысты веб-сайтымызда жарияланған жалпы қайтару саясаты қолданылады.
Бұл қайтару саясаты www.mi.com/kz-ru/ веб-сайты, Xiaomi Kaspi ресми дүкені және Mi фирмалық дүкендері арқылы бизнес-клиенттер жасаған сатып алуларға қолданылмайды.
Егер сіз тауарды басқа сату арналары арқылы сатып алсаңыз, бастапқы сатушыға тікелей хабарласыңыз.
Барлық қайтарулар Қазақстанның қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылуы тиіс. Толық ақпаратты mi.com/kz-ru/ сайтынан алуға болады.
Кез келген тауарды қайтармас бұрын, тауарда сақталған барлық жеке және/немесе құпия ақпараттың сақтық көшірмесін жасап, оны жойғаныңызға көз жеткізіңіз. Тауармен байланысты барлық тіркелгілерден, оның ішінде Xiaomi және Google тіркелгіңізден шығыңыз. Егер тауар басқа құрылғыларға қосыла алатын болса, оны қайтармас бұрын ажыратыңыз. Xiaomi тауарды қайтармас бұрын деректерді жоймау салдарынан болған кез келген деректер жоғалтуы үшін жауапты болмайды.
Xiaomi-ге ақшаны қайтару үшін қайтарылған тауарлар келесі жағдайларда қабылданбайды және оларды қабылдаудан бас тартылады:
Тауарлар www.mi.com/kz-ru/ сайтынан, Xiaomi Kaspi ресми дүкенінен және Mi фирмалық дүкендерінен сатып алынбаған болса.
Клиенттің жеке қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін оның сипаттамалары бойынша дайындалған, алдын ала дайындалмаған (стандартты емес) тауарлар.
Табиғаты бойынша жеткізілгеннен кейін басқа заттардан ажырағысыз болатын тауарлар.
Денсаулық немесе гигиена себептеріне байланысты мөрленген орамда жеткізілетін және орам ашылғаннан кейін қайтарылмайтын тауарлар; егер орам тауар тұтынушыға жеткізілгеннен кейін ашылса.
Сериялық нөмірі, өндірушінің үлгісі немесе бөлшек нөмірінің белгісі зақымдалған, өзгертілген немесе жоқ кез келген тауар.
Айқын физикалық зақымдары бар кез келген тауар.
Қандай да бір жолмен түрлендірілген, теңшелінген немесе өзгертілген және түпнұсқа тауарға сәйкес келмейтін кез келген тауар.
Мүмкін болса, тауар түпнұсқа қаптамасымен және керек-жарақтарымен, оның ішінде пайдалану нұсқаулығымен, кабельдермен және тауармен бірге берілген барлық заттармен бірге қайтарылуы тиіс.
ҚАЙТАРУДЫҢ СТАНДАРТТЫ САЯСАТЫ
Тиісті сападағы тауарлар үшін: ақшаны қайтару мақсатында қайтару шот-фактура күнінен немесе жеткізу күнінен бастап (қайсысы кейінірек болса) он төрт (14) күнтізбелік күн ішінде мүмкін болады.
Сіз Xiaomi Kazakhstan байланыс орталығының 88000808328 / +77273574660 нөміріне қоңырау шалу немесе service.kz.ru@support.mi.com / service.kz@support.mi.com электрондық поштасына хат жіберу арқылы қайтаруға өтініш білдіргеннен кейін, Xiaomi уәкілеттік берген үшінші тарап сервистік провайдерлері тауардың қайтаруға жарамдылығын растау үшін орында тексеру жүргізуді ұйымдастыру мақсатында сізбен хабарласады.
Mi дүкендерінің мекенжайлары:
1) Самал-2 шағын ауданы, 111, Xiaomi дүкені, Достық Плаза
2) Құлжа даңғылы, 106, Xiaomi дүкені, Апорт Молл Шығыс
Тауарды кері жеткізу шығындарын сатып алушы көтереді.
Қайтарылатын тауарды жеткізу құны сіз бен уәкілетті сервистік провайдердің қызметкері арасында тікелей келісіліп, оқиға орнында анықталады.
Егер тауар орнатылып үлгерген болса және оны қайтару үшін бөлшектеу қажет болса, сіз бөлшектеу шығындарын төлеуге міндеттісіз.
Xiaomi бөлшектеу қызметтерін ұсынады. Бөлшектеудің ұсынылатын анықтамалық құны 5000 теңгені құрайды, алайда түпкілікті баға сіз бен уәкілетті сервистік провайдер арасында оқиға орнында жүргізілген келіссөздер арқылы анықталады.
Ірі габаритті тауарлар үшін болашақта қайтару немесе айырбастау мүмкіндігі үшін түпнұсқа қаптамасын сақтап қою ұсынылады.
Қайтару туралы қосымша ақпарат:
Сапа мәселелеріне байланысты тауарды қайтарған жағдайда, Xiaomi барлық жеткізу және бөлшектеу шығындарын өз мойнына алады. Толық ақпаратты Xiaomi кепілдік саясатынан қараңыз.
Бастапқыда жиынтық сату түрінде (екі немесе одан да көп тауар бірге арнайы бағамен сатылған) ұсынылған тауарларды жеке-жеке қайтаруға болмайды; жиынтықтағы барлық тауарлар бірге қайтарылуы тиіс.
Тегін берілген сыйлық (промо) тауарлар тиісті негізгі тауарлармен бірге қайтарылуы тиіс.
Белгіленген қайтару мерзімі өткеннен кейін қайтарылатын тауарлар қабылданбайды, алайда оларға Xiaomi кепілдік қызметі әлі де қолданылуы мүмкін. Толық ақпаратты тиісті кепілдік саясатынан қараңыз.
Егер сіз тауарды веб-сайтта көрсетілген мерзімде қайтара алмасаңыз, көмек алу үшін Xiaomi тұтынушыларға қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Осы Шарттар Қазақстан Республикасының заңнамасында сізге берілген кез келген құқықтарды жоққа шығармайды, шектемейді немесе өзге де түрде төмендетпейді.