Әр көріністе таңдай қақтырады

Терең контраст пен анық бөлшектер үшін 512 аймақты QD-Mini LED
Керемет айқындық үшін 1200 нит-қа дейінгі жоғары жарықтылығы1
Тегіс ойын үшін 120 Гц жаңарту жиілігі2
Dolby Audio™ және DTS:X технологияларымен еліктіретін дыбыс3, 4
Көрудің ақылды жолы5
1. Деректер Xiaomi ішкі зертханаларынан алынған. Нақты нәтижелер өзгеруі мүмкін.
2. 120 Гц жаңарту жиілігін пайдалану үшін Параметрлерде 120 Гц Game Boost режимін қосу қажет. 1920×1080 немесе 2560×1440 ажыратымдылығындағы 120 Гц HDMI кірісін қолдайды.
3. Dolby және қос-D белгісі — Dolby Laboratories Licensing Corporation компаниясының сауда белгілері.
4. Dolby Audio™ және DTS декодтауды қолдайтын бейне контент қажет.
5. Android TV — бұл құрылғының бағдарламалық жасақтама тәжірибесінің атауы және Google LLC компаниясының сауда белгісі.
Визуалды сападағы жаңа серпіліс
Дисплей өнімділігіндегі тың белес
Жоғары деңгейлі Mini LED жергілікті күңгірттеу Таңдай қақтырар егжей-тегжей үшін жарық пен көлеңкені дәл басқару
Кәдімгі LCD не күңгірттеу аймағы аз Mini LED дисплейлерінен өзгеше, жоғары деңгейлі Mini LED күңгірттеу экранды көптеген тәуелсіз артқы жарық аймақтарына бөледі, осылайша кескіннің әр бөлігіндегі жарық пен қараңғыны дәл басқарады.
Шынайы уақытта қоршаған орта жарығын анықтайтын және жарықтылықты автоматты түрде реттейтін жарық сенсорымен, сондай-ақ түс температурасын дәлдей алатын сенсорымен жабдықталған бұл құрылғы айрықша жарықтық, терең контраст және шынайы егжей-тегжей сыйлайды.
Mini LED
Флагмандық дисплей технологиясы
512
Артқы жарық аймақтары
Жарық сенсорлары
Жарықтылық пен түс температурасын анықтайды
QLED кванттық нүкте технологиясы
1200 нит ең жоғары жарықтылық Көз тартатын жарқыл
Тым жоғары жарықтылық пен жетілдірілген артқы жарық басқаруының арқасында ол шынайы өмірдей жарық пен көлеңке контрастын ұсынады. Таңның шуақты нұрынан түнгі жұлдызды аспанға дейін, әрбір егжей-тегжей көз алдыңызда айқын көрінеді.
1200 нит6
Жоғары жарықтылығы
0,0001 нит7
OLED-деңгейіндегі таза қара түс
12 000 000:1
Өте жоғары динамикалық контраст арақатынасы8
Төмен жарықтылық
Жоғары жарықтылық
Жаңартылған жарық шығаратын чиптер және аса сезімтал оптикалық линзалар жарықтандыруды бұрынғыдан да айқын әрі біркелкі етеді.
Стандартты жарық жүйесі мен линза
Күшейтілген жарық жүйесі мен линза
Көп түсті температураны жаңғырту технологиясы
Жанды, шынайы түстер
Кәсіби деңгейдегі түс беру, бірнеше түс температурасы және үш еселенген түс гаммасы қолдау табады. Жергілікті күңгірттеу қосылғанда, түс температурасы әртүрлі жарықтылық деңгейлерінде ақылды түрде реттеліп, барлық жарық жағдайында түс дәлдігін сақтайды.
1.07 млрд түс9
Шынайы түс дисплейі
94% DCI-P310
Кино деңгейіндегі кең түс гаммасы
Көзіңізге жайлы, кәсіби дисплей
Mini LED
Mini LED жарық көзі мен көк жарықты азайтатын алгоритмді біріктіру зиянды көк жарыққа ұшырауды тиімді төмендетеді.
20 кГц
Өте жоғары жиілікті гибридті күңгірттеу. Экраннан туатын көз шаршауын азайтады.
Қоршаған орта жарықтылығы мен түс температурасының алгоритмдері
Көру шаршауын азайту үшін экран жарықтығы мен түс температурасын қоршаған орта жарығына дәл сәйкестендіреді.
Бейне сапа қозғалтқышы
Көрініс сапасын жаңа белеске көтереді
Жанды түс қозғалтқышы
Табиғи қанық түстерді қалпына келтіреді
Нақты динамикалық түс калибрлеуі түстерді өңдеу архитектурасы мен гамманы кеңейту алгоритмдері арқылы төмен гамма сигналдарын кең түс гаммасы кеңістігінде табиғи түрде сәйкестендіреді. Табиғаттың қанық әсемдігі шынайы бейнеленіп, түстер өмірдегі реңктерге барынша жақындайды.
Стандартты дисплей
Жанды түс қозғалтқышы
Стандартты дисплей
Жалпы күңгірттеу қозғалтқышы
Жалпы күңгірттеу қозғалтқышы
Контрастты күшейту үшін теңгерімді жарық пен көлеңке
Жаңартылған артқы жарықты басқару қозғалтқышының арқасында Xiaomi-дің меншікті жергілікті күңгірттеу алгоритмі түрлі көріністерге арналған ең оңтайлы артқы жарық стратегияларын ақылды түрде болжайды және қолданады, нәтижесінде жарық жерлер жарқырап, қараңғы бөлшектер бай түске ие болады. Өте жоғары жылдамдықты артқы жарық реакциясының қолдауымен көрінбейтін із, жыпылықтау және гало әсерлері айтарлықтай азаяды.
Күшті толық ашатын әсерлі ойын-сауық
Ойын-сауықтың жаңа деңгейін сезініңіз
Game Boost 120 Гц өте жоғары жаңарту жиілігі режимі2
Сапаны жоғалтпайтын бейнелер, лезде айқындық
Game Boost режимі қосылған кезде HDMI сигналын қабылдау барысында экранның жаңарту жиілігі 60 Гц-тен 120 Гц-ке дейін көтеріледі, бұл ойын кезінде қозғалыстың икемділігін арттырып, бейнені бірқалыпты көрсетеді.
Game Boost режимі
Жоғары жаңарту жылдамдығы, тұрақты кадр жиілігі және елес әсерін азайту
Стандартты дисплей
120 Гц Game Boost режимін іске қосыңыз2
Dolby Audio және DTS:X
Кинематографиялық аудиовизуалдық әсер11
Жоғары қуатты қос динамик толығырақ жоғары және терең бас дыбыстарын шығарып, үйде кинотеатрдағыдай әсер береді. Dolby Audio және DTS:X сертификаттарының қолдауымен динамикалық әрі анық дыбыстың рахатын көріңіз.
Xiaomi Sound
Әртүрлі жағдайларға арналған ақылды дыбыс
Xiaomi компаниясының кәсіби аудио баптаулары арқылы бай, егжей-тегжейлі дыбыс әлеміне бөленіңіз. Ойнатылып жатқан контентке сәйкес дыбыс әсерлері автоматты түрде бейімделіп, тамаша есту тәжірибесін сыйлайды.12
Кең ауқымды контент пен қосымшалар
400 000-нан аса фильм мен телешоу тізімінен сүйіктіңізді таңдаңыз немесе Google Play дүкенінде қолжетімді 7 000-нан астам қосымшалар мен ойындарды жүктеп алыңыз. Сондай-ақ бұл теледидар Netflix, Prime Video және YouTube сияқты ағындық платформалардан онлайн-видеоларды ойната алады.5
Дауыс арқылы теледидарыңызда одан да көп әрекет жасаңыз
Теледидарыңыз бұрынғыдан да ыңғайлы. Google Assistant қызметін дауыспен іске қосып, фильмдер тауып, қосымшаларды ойнатып, музыканы қосып және теледидарды басқара аласыз. Сондай-ақ сол арқылы сұрақтарыңызға жауап алып, ақылды үй құрылғыларын да қадағалау мүмкіндігі бар. Қашықтан басқару пультіндегі Google Assistant түймесін басып іске қосыңыз.13,14
Телефоныңыздан ағын таратыңыз
Фильмдерді, телешоуларды, фотосуреттерді және басқа да контентті телефоныңыздан немесе планшетіңізден теледидарға оңай жіберіңіз.15
360° Bluetooth қашықтан басқару пульті
360° Bluetooth қашықтан басқару пультінің көмегімен смарт теледидарды оңай басқарыңыз.
Сәнді дизайн, айрықша сыртқы көрініс
Әсем және талғампаз
Металл әрленген жақтауы бар толық экранды дисплей16
Иммерсивті әсер үшін 97% экран-корпус арақатынасы17
Орнатудың екі тәсілі
Икемді орнату
Xiaomi TV S Mini LED 75 2026 теледидары бірнеше орнату нұсқаларын ұсынады. Оның қабырғаға ілінуіне немесе тіреуішке қойылуына болады.18
Ескертулер
1. Деректер Xiaomi ішкі зертханаларынан алынған. Нақты нәтижелер өзгеруі мүмкін.
2. 120 Гц жаңарту жиілігін пайдалану үшін Параметрлерде 120 Гц Game Boost режимін қосу қажет. 1920×1080 немесе 2560×1440 ажыратымдылығындағы 120 Гц HDMI кірісін қолдайды.
3. Dolby және қос-D белгісі — Dolby Laboratories Licensing Corporation компаниясының сауда белгілері.
4. Dolby Audio™ және DTS декодтауды қолдайтын бейне контент қажет.
5. Android TV — бұл құрылғының бағдарламалық жасақтама тәжірибесінің атауы және Google LLC компаниясының сауда белгісі.
6. 1200 нит жоғары жарықтылығы — 10%–50% HDR ақ терезе арқылы 100% экран жарықтығында өлшенген типтік мән. Нақты нәтижелер сынақ бағдарламалық жасақтамасының нұсқасына, қоршаған ортаға және өнім үлгісіне байланысты өзгеруі мүмкін. Деректер Xiaomi ішкі зертханаларының компаниясынан алынған.
7. 0,0001 нит нағыз қара түс мәні Xiaomi ішкі зертханалары деректеріне негізделген.
8. Динамикалық контраст коэффициентінің деректері Xiaomi ішкі зертханаларыны компаниясынан алынған.
9. 1.07 миллиард түс LCD панелінің әрбір RGB субпикселі негізгі түс үшін 10-бит түс тереңдігін бағдарламалық өңдеу арқылы іске асыратынын білдіреді. RGB негізгі түстерінің үйлесімі 2¹⁰ × 2¹⁰ × 2¹⁰ есебімен 1.07 миллиард түске дейін көрсетеді.
10. Түстік қамту — Xiaomi ішкі зертханаларының мәліметтері негізінде алынған тип мән. Нақты нәтижелер өлшеу әдістерінің айырмашылығына байланысты өзгеруі мүмкін. Нақты өнімге назар аударыңыз.
11. DTS декодтауды қолдайтын бейне мазмұны қажет.
12. Дыбыс бөліміне қатысты визуалдар тек көрсету мақсатында берілген және анықтама үшін ғана пайдаланылады.
13. Google Assistant кейбір тілдер мен елдерде қолжетімді емес. Толық ақпарат алу үшін Google Assistant-тың ресми сайтына жүгініңіз.
14. Платформалар мен контент еліңізге немесе аймағыңызға байланысты өзгеруі мүмкін. Толығырақ ақпарат алу үшін орналасқан жеріңіздегі қолжетімді сервистерді қараңыз.
15. Google Cast мүмкіндігі бар қолданбалар қажет.
16. Толық экран теледидардың жоғарғы, сол және оң жақтарында көзге көрінетін алдыңғы жақтаудың жоқ екенін білдіреді. Дегенмен, LCD басқару күңгірттендіру аймақтары әлі де болуы мүмкін.
17. Дисплей мен корпустың арақатынасы жөніндегі деректер Xiaomi TV Labs компаниясынан алынған. Коэффициент дисплей аумағының жалпы экран аумағына бөлінуі арқылы есептеледі. Өлшеу айырмашылықтарына байланысты аздаған өзгерістер болуы мүмкін.
18. Теледидарды өзінен кеңдеу, салмағын қауіпсіз көтере алатын тегіс бетке орналастыру керек.
*Өнімнің суреттері мен көрсетілген интерфейсі тек иллюстрация үшін берілген. Нақты өнім (соның ішінде сыртқы көрінісі, түсі мен өлшемі) және интерфейс мазмұны (тұсқағаз, фон, дизайн) сәл өзгеше болуы мүмкін. Нақты өнімге назар аударыңыз.
*Егер басқаша көрсетілмесе, жоғарыда келтірілген беттердегі барлық деректер — Xiaomiішкі зертханалары дизайн сипаттамалары және жеткізушілер ұсынған мәліметтер негізіндегі типтік мәндер. Сынақ бағдарламалық жасақтамасы нұсқаларындағы, тест орталары мен өнім нұсқаларындағы айырмашылықтарға байланысты нақты деректер өзгеруі мүмкін.
*Барлық өнімді салыстыру суреттері Xiaomi компаниясының өз өнімдеріне негізделген. Суреттер тек иллюстрация мақсатында берілген. Нақты өнімге назар аударыңыз.
*Нақты өнімнің деректері мен өлшемдері сәл өзгеше болуы мүмкін. Нақты өнімге назар аударыңыз.
*Қатысты жетілдіру деректері Xiaomi ішкі зертханалары компаниясынан алынған. Өнімдер арасында айырмашылықтар болуы мүмкін. Нақты өнімге назар аударыңыз.