Xiaomi
Smart Band 8 баулары
Жаңа сән
Оңай ажыратылатын баулар сіздің стиліңізді ерекше көрсетуге жаңа мүмкіндіктер береді, бау дизайндары мен материалдарының алуан түріне қоса, мүлде жаңа жүгіруге арналған қысқыш пен алқа дизайны да бар.

Xiaomi Smart Band 8
Торлы бау
Кез келген образбен үйлесетін классикалық дизайн
Жоғары сапалы импортталған торпақ былғары жұмсақ әрі жайлы сезім береді. Жасыл торлы өрнек – кез келген жағдайда жарасатын классикалық әрі әмбебап дизайн.
Жасыл

Xiaomi Smart Band 8
Қос орама бау
Батыл жан-жақты таңдау
Стиліңізді толығымен көрсететін нәрсе іздеп жүрсіз бе? Ендеше қос орама былғары бау – сізге арналған шешім. Ақ-қара қос орама дизайны сіздің батыл болмысыңызды тамаша айқын көрсетеді. Күнделікті не салтанатты киім болсын, бұл бау нағыз ерекшелік береді.


Ақ
Қара
Xiaomi Smart Band 8
Шынжырлы бау
Былғары мен металдың үйлесімі
Сәнді былғары мен металл бұл бауды көз тартатын аксесуарға айналдырып, сағаттың металл жақтауын шынжырлы сәнді білезікке ұқсатады. Ерекше шынжырлы дизайн бауды жеңіл, жайлы етіп қана қоймай, сәнді келбеті оны ең сүйікті аксессуарыңызға айналдырады.


Xiaomi Smart Band 8
Өрмелі бау
Жазда сергек болыңыз
Өрмелі бау жеңіл, ауа өткізетін және минималистік сипатқа ие болғандықтан, жаз үшін өте қолайлы. Қанық сары не байсалды жасыл түстерде қолжетімді, сондықтан көпшіліктің арасынан ерекшеленуді немесе білінбей сіңісуді өзіңіз таңдай аласыз. Жоғары сапалы былғары мен тойтарма элементтері сіздің сәнді жазғы бейнеңізді толықтырады.
Сары
Жасыл

Xiaomi Smart Band 8
Алқа
Сәнді ақылды алқа
Жаңа жылдам алынатын механизм бауды мүлде басқа деңгейге көтереді. Алқа аксессуары және оған сәйкес нәзік алқа сағат беті арқылы Smart Band құрылғысын «ақылды» әшекейге айналдырып, уақыт пен қадам санын бақылауды жалғастырады.
*Алқаны таққан кезде білезік немесе мобильді қосымшадан алқа режимін қосу керек. Бұл режим іске қосылғанда жүрек соғу жиілігін және қандағы оттегі деңгейін өлшеу сынды денсаулық пен фитнес функциялары өшірілетінін ескеріңіз.
*Алқаны тағып жүру ерекшеліктеріне байланысты қадам санау дәлдігінде ауытқулар болуы мүмкін.


Xiaomi Smart Band 8
Жүгіруге арналған қысқыш
Көбірек кәсіби жаттығу
Pebble режимін қосқаннан кейін білезікті Жүгіруге арналған қысқышқа орнатып, оны аяқкиіміңіздің бауына бекітіңіз. Сағат беті сізге қарай бағытталғаны маңызды. Осылайша жүгіру қалпыңыз өлшеніп, әртүрлі жүгіру деректері беріледі. PC-пластик пен TPU-резеңкеден жасалған қара-жасыл үйлесім – сенімді таңдау.


Xiaomi Smart Band 8
TPU бау
Спорттық таңдау
Жұмсақ, тегіс әрі су өтпейтін бұл бау – әмбебап шешім. Терлегенде де, суда жүзгенде де көз тартатын ашық түстер сіздің спорттық стиліңізге оңай үйлеседі.
Таңғы шапақ қызғылт сары
Аква көгілдір

