Қиындықсыз ұзақ жол

Алдыңғы және артқы қос амортизаторлар
60 км
Ұзақ аккумулятор қызметі
1000 Вт
Ең жоғары қуат
22%
Ең жоғары еңіс
10"
Кең түтіксіз шиналар
Автоматты фара
Еркін жүру үшін алдыңғы және артқы қос амортизаторлар
Xiaomi Electric Scooter 5 Pro алдыңғы қос-серпінді амортизаторлармен, артқы бір-серпінді амортизатормен жабдықталған. Бұл комбинация самокаттың жердегі кедергілердіоңайлықпен өтіп, жайлы жүреді.
Қауіпсіз де жайлы 10 дюймдік түтіксіз шиналар
Самокат 10 дюймдік 60 мм* түтіксіз шиналарменжабдықталған, олар керемет ауа өткізбеу қасиетін және жоғары соққы сіңіру мүмкіндігін ұсынады. Жермен жанасу аумағының кеңдігі бұрылыстарда мықты ілінісуге жағдай жасап, қауіпсіз әрі тұрақты жүруді қамтамасыз етеді.
Алаңсыз жүру үшін 60 км* ұзақ аккумулятор жұмысы
477 Вт·сағ* үлкен сыйымдылықты литий аккумуляторы бір рет зарядтағанда ұзақ қашықтыққа жүруге мүмкіндік беріп, күнделікті қатынаулар мен қысқа демалыс күндеріндегісапарлардыжайлы етеді.
Ақылды аккумуляторды басқару жүйесі
Жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қуатты аккумуляторды қорғау
Қысқа тұйықталудан қорғау
Токтың артуынан қорғау
Шектен тыс зарядтаудан қорғау
Шектен тыс разрядтан қорғау
Жоғары температурадан қорғау
Төмен кернеу кезінде автоматты ұйқы режимі
Тиімділігі мен тұрақтылығы жоғары артқы дөңгелекті жетекке ие щеткасыз қозғалтқыш
48 В аккумуляторжүйесі және 400 Вт артқы дөңгелекті жетек қозғалтқышы қосымша қуат береді. Жылдамдықты арттырғанда да, еңіске шыққанда да, самокат кез келген жағдайда еш қиындықсызқозғалып, жүруді әлдеқайда бірқалыпты әрі ыңғайлы етеді.
1000Вт
Макималдықуат*
22%
Макс. көтерілу еңісі*
25км/сағ
Макс. жылдамдық*
Үш жылдамдық режимі қолжетімді
Экранның төменгі жағындағы қуат түймесін екі рет басу арқылы жылдамдық режимдерін ауыстырып, жүру қажеттіліктеріңізге сай таңдаңыз.
Жаяу жүру режимі
6 км/сағ*
Стандарт режимі
20 км/сағ*
Спорт режимі
25 км/сағ*
Мықты, берік көміртекті болат жақтау
Жақтау 1,5 мм* қалыңдатылған көміртекті болаттан жасалған және 120 кг* дейінгі максималдыдинамикалық жүктемеге төтеп береді, самокаттың мықтылығы мен ұзақ қызмет етуін қамтамасыз етеді.
Жақсартылған Traction Control System (TCS) – қауіпсіз жүру үшін
Жетілдірілген TCS-тің дәл алгоритмдері арқасында Xiaomi Electric Scooter 5 Pro тайғақ беттерде ілінісуді күшейтіп, тұрақты әрі қауіпсіз жүруді қамтамасыз етеді.
Суға төзімділік деңгейі жоғары – қауіпсіздік те арта түседі
IPX5 стандартына сай самокат су шашырауынан қорғалған және түрлі жүру жағдайларына жарамды, келесі барар орныңызды еркін таңдауға мүмкіндік береді.
Ыңғайлы байланыс үшін ақылды қосымша
Bluetooth функциясы арқылы сіз белгілі қашықтық ішінде дыбыс пен жарық жыпылықтау арқылы самокатыңызды оңай таба аласыз. Сондай-ақ самокаттың егжей-тегжейлі ақпаратын көру, қозғалтқышты бұғаттау, микробағдарламаны жаңарту сияқты функцияларды қосымшада орындай аласыз.
Көпфункционалды аспаптар тақтасы – деректерді бір қарағанда көру
Пайдаланушыға қолайлы бұрышта орналасқан бұл тақтада жүру кезінде нақты уақыттағы жылдамдық,аккумулятор, бұрылу көрсеткіштерін және самокат күйін кез келген сәтте тексеруге болады.
Біріктірілген бұрылу көрсеткіштерімен қауіпсіз бұрылыстар
Бұрылу түймесін басқанда, көрсеткіш шам жанады және дыбыс сигналы естіледі, арттағы жаяу жүргіншілер мен көліктерді ескертіп, қауіпсіз жүруді қамтамасыз етеді.
E-Mark сертификаты
Автоматты жоғары жарық фарамен түнгі сапарларда алаңсыз жүріңіз
Жарығы нашар ортада алдыңғы фара автоматты түрде қосылып, жүру қауіпсіздігін арттырады. Алдыңғы фара жанғанда, артқы фарада автоматты түрде жанады.
*Автоматты фараны Xiaomi Home қосымшасында қосу керек.
Айрықша артқы фарасы бар сенімді тежелу
Айрықша артқы фара тежелу кезінде арттағы жаяу жүргіншілер мен көліктерді тиімді ескертеді. Сондай-ақ, қауіпсіздікті күшейту үшін артқы фараны үнемі қосулы күйде ұстауды Xiaomi Home қосымшасында баптауға болады.
Қос тежегіш – қосарлы қорғау
Алдыңғы дөңгелектегібарабанды тежегіш пен артқы дөңгелек E-ABS бірге жұмыс істеп, тежелу қашықтығын қысқартып, қауіпсіздікті арттырады.
Жаңа деңгейдегі жүру тәжірибесі үшін ақылды энергия қалпына келтіру жүйесі
Жылжу кезінде пайда болатын кинетикалық энергия пайдалы электр энергиясына айналып, жүру қашықтығын одан әрі ұзартады.
*Энергияны қалпына келтіру функциясын Xiaomi Home қосымшасында қосып, баптауға болады.
Бар-жоғы 3 қадамда оңай бүктеуге арналған дизайн
Кеңейтілген үлкен платформа – жайлы жүру үшін
*Ескертулер:
*60 км жүру қоры: Самокаттың ресми адаптерімен қуатталған кезде, адаптердің индикаторы жасыл түске жанғанда самокат толық қуатталды деп есептеледі. Содан кейін самокатқа 75±5 кг жүк тиеліп, орташа жылдамдығы 15 км/сағ болатындай жалпақ жолда, қоршаған орта температурасы (25±5)°C және жел жылдамдығы ≤3 м/с жағдайында жылдамдығы айтарлықтай төмендеп, самокат ары қарай жүре алмай қалғанша жүргізілді. Деректер TIRT ұйымынан алынған. Есеп нөмірі: OTA1-202403483.
*1000 Вт макс. қуат: 54,6 В тұрақты токтың ең жоғарғы кернеуінде және ең жоғарғы тоқ шегінде қозғалтқыштың кіріс қуаты қуат өлшегіш құралымен тексерілді. Сәйкестік талабы: 1000±50 Вт. Деректер TIRT ұйымынан алынған. Есеп нөмірі: OTA1-202403483.
*22% еңіске өрлеу қабілеті: 75±5 кг жалпы жүкпен және 70±10% қуатпен, самокат 10 м еңіске 15 км/сағ жылдамдықпен көтерілу үшін төменнен бастады. Самокат еңіс үстінде тоқтамай, қуат өшпей тұрақты жұмыс істеуі керек және еңістен шыққандағы жылдамдығы 6 км/сағ-тан жоғары болуы қажет. Деректер TIRT ұйымынан алынған. Есеп нөмірі: OTA1-202403483.
*477 Вт·сағ аккумулятор сыйымдылығы: Аккумулятор жинағының нақты сыйымдылығын анықтау үшін ол алдымен самокаттың техникалық сипаттамаларында көрсетілген стандартты қуаттау режимі бойынша толығымен қуатталды. Қуаттаудан соң 1 сағат күту уақыты беріліп, содан кейін бөлме температурасы (25±5)°C кезінде 0,5C тогымен белгіленген шектік кернеуге немесе аккумулятор қорғанысы іске қосылатын деңгейге дейін разряд жасалды. Аккумулятор жинағы 2 цикл бойы қайта қуатталып, разрядтан өткізілгеннен кейін алынған ең жоғарғы разряд көлемі өлшенген сыйымдылық деп есептелді. Тестілеу нәтижесі бойынша аккумулятор сыйымдылығы 477 Вт·сағ деп анықталды. Деректер өндірушіден алынған.
*60 мм дөңгелек протекторының ені: Дөңгелек енін өлшеу үшін штангенциркуль пайдаланылды. Жобалық мәннен кем емес кез келген өлшем талаптарға сай деп есептеледі. Xiaomi Electric Scooter 5 Pro дөңгелектерінің ені 60 мм. Деректер өндірушіден алынған.
*25 км/сағ ең жоғары жылдамдық: 75±5 кг жалпы жүкпен және 70±10% қуатпен, қоршаған орта температурасы (25±5)°C және жел жылдамдығы ≤3 м/с жағдайында самокат қосалқы жүріс аймағында жылдамдатылып, сынақ аймағына жеткенде ең жоғары жылдамдығын сақтады. Сынақ аймағындағы жылдамдық спидометр арқылы өлшенді. Ең жоғары жылдамдық: 25 км/сағ±10%. Деректер TIRT ұйымынан алынған. Есеп нөмірі: OTA1-202403483.
*Жаяу жүру режимі: 6 км/сағ. Стандартты режим: 20 км/сағ. Спорт режимі: 25 км/сағ. 75±5 кг жүкпен және 70±10% қуатпен, қоршаған орта температурасы (25±5)°C және жел жылдамдығы ≤3 м/с жағдайында самокат қосалқы жүріс аймағында жылдамдап, сынақ аймағына жеткенде ең жоғары жылдамдығын ұстап тұрды. Сынақ аймағындағы ең жоғары жылдамдық спидометр немесе Bluetooth пен аспаптар тақтасы арқылы өлшенді. Деректер өндірушіден алынған.
*1,5 мм жақтау қалыңдығы: Жақтау қалыңдығын өлшеу үшін штангенциркуль қолданылды. Жобалық мәннен кем емес өлшем талаптарға сай деп есептеледі. Деректер өндірушіден алынған.
*120 кг динамикалық жүктеме: Самокатты салмағы 120 кг тестілеуші нақты жолда 3 000 км қашықтыққа сынақтан өткізді. Тексеру талаптары мен стандарттары: Көлік құралының жұмысы зақымданбауы, ал құрылымдық және пластикалық бөлшектерде ешбір жарықшақ не сыну болмауы тиіс. Деректер өндірушіден алынған.
*IPX5 су өткізбейтін дәрежесі: Самокат тік және бүктелген күйінде сынақтан өткізіліп, корпустың қорғанысы IPX5 талаптарына сай екені анықталды, электрлік құрамдас бөлшектер ішіне су кірмеді. Деректер TIRT ұйымынан алынған. Есеп нөмірі: OTA1-202403483.
*Егер арнайы көрсетілмесе, барлық деректер мен статистика өндірушілерден алынады. Пайдалану жағдайларына байланысты нақты нәтижелер өзгеруі мүмкін.
*Осы өнімді пайдаланбас бұрын, Xiaomi Electric Scooter 5 Pro нұсқаулығы мен заңдық мәлімдемесін мұқият оқып шығыңыз. Өнімді пайдаланғанда жергілікті заңдар мен қағидаларды сақтаңыз.
*Осы беттегі барлық кескіндер (оның ішінде суреттер, анимациялар және пайдаланушы интерфейсі) тек көрнекі мақсатта берілген, нақты өнімнен өзгешеленуі мүмкін.