Жұмыс үстеліндегі дыбыс сапасын жаңа деңгейге көтеріңіз

Негізгі колонканың 53° жоғары еңкеюі1
Жоғарғы дыбыс сахнасына арналған құрылым
4 акустикалық элементтен тұратын қуатты жүйе
Дыбыс қабаттарының айқын бөлінуі, қанық басс және жоғары жиіліктердің дәл берілуі
Сымсыз сабвуфер
Терең әрі қуатты басс, бірден сезілетін әсер
Жарқын RGB жарықтандыру
Музыка ырғағына синхрондалатын 6 жарық әсері
Эквалайзердің 5 режимі
Музыка
Бас
Вокал
Ойын
Фильм
Ыңғайлы басқару тетігі
Толық басқару саусағыңыздың ұшында
Дыбыс
Табиғи стерео дыбыс
Сымсыз сабвуфер
Қуатты драйверлер жинағы
Иммерсивті үстел үстіндегі дыбыс
Негізгі колонкада екі 10 Вт сопақша (racetrack) динамик және екі пассивті радиатор көлденең орналасқан төрт элементті акустикалық жүйе түрінде біріктірілген. Бұл жұмыс үстелінде кең дыбыс сахнасын қалыптастырады. Сымсыз сабвуфермен бірге пайдаланғанда дыбыс бұрынғыдан да қанық әрі көлемді болады.
Негізгі колонканың 53° жоғары еңкеюі
Жоғарғы дыбыс сахнасы және қуатты басс
Негізгі колонканың 53° еңкею бұрышы жұмыс үстеліндегі табиғи тыңдау қалпына сәйкес келеді. Жоғарғы дыбыс сахнасының классикалық құрылымы дыбыстың кең әрі біркелкі таралуын қамтамасыз етіп, үстелдегі тыңдау тәжірибесін жаңа деңгейге көтереді.1
Күшейтілген басс
Қанық атмосфера үшін
Сымсыз сабвуфер 96 мм ұзын жүрісті динамикпен және дәл бапталған акустикалық портпен жабдықталған, ол төменгі жиіліктерді 60 Гц-ке дейін жеткізеді. Жеке қуат көзі терең әрі қуатты басс шығаруға қажетті энергияны қамтамасыз етеді.
Төмен кідірісті сымсыз байланыс
Негізгі колонкамен интеллектуалды синхрондау
Негізгі колонка мен сабвуфер дыбысты дәл синхрондау үшін 2,4 ГГц төмен кідірісті сымсыз технологияны пайдаланады. Минималистік дизайн жарқын RGB жарықтандырумен толықтырылған. Дыбыс деңгейі, дыбыс әсерлері және жарықтандыру негізгі колонкамен автоматты түрде синхрондалады.
Кәсіби DSP цифрлық дыбыс процессоры
Кәсіби түрде бапталған эквалайзердің 5 режимі
DSP дыбысты өңдеу технологиясы әртүрлі қолдану сценарийлеріне сәйкес дыбысты оңтайландырады. Негізгі колонканың DSP процессоры мен цифрлық күшейткіші толық цифрлық сигнал тізбегін құрып, төмен шу деңгейі мен кең динамикалық диапазонды қамтамасыз етеді. Сымсыз сабвуфер бес дыбыс режиміне автоматты түрде бейімделіп, жан-жақты әрі әсерлі дыбыс ұсынады.
Музыка
Музыканы дәл жеткізу
Басс
Қанық әрі қуатты төменгі жиіліктер
Вокал
Аудиокітаптар мен қоңырауларға арналған анық әрі таза дауыс
Ойын
Бәсекелі ойындарға арналған дәл позициялық дыбыс
Фильм
Кең стереодыбыс сахнасы
Дизайн
Керемет дизайн
Әрбір бөлшекке мұқият көңіл бөлінген
Жоғары сапалы металл тор
Жұмыс үстеліңізге талғампаздық сыйлаңыз
Негізгі колонка стильді көрініс, ұзақ қызмет ету және динамиктерді қорғау үшін металл тормен жабдықталған. Минималистік сымсыз сабвуфермен бірге ол кез келген жұмыс үстелінің интерьеріне үйлесіп, талғамыңызды айқындайды.
Жарқын атмосфералық жарықтандыру
Динамикалық жарық әсерлері
Негізгі колонкада 24 RGB жарықдиоды, ал сымсыз сабвуферде 5 RGB жарықдиоды орнатылған. Жұмыс үстеліңізге ерекше көрініс беру үшін алты жаңа жарық әсерінің бірін таңдаңыз.
Кеш 2.02
Кемпірқосақ 2.02
Жаңа
Starlight twinkle
Аврора 2.02
Камин 2.02
Түстік тыныс 2.02
батырмалардың ыңғайлы орналасуы
Ыңғайлы және дәл басқару
Негізгі колонкадағы көп функциялы бүйірлік реттегіш пен үстіңгі жағындағы екі батырма дыбыс деңгейін реттеуге, дыбыс режимдерін ауыстыруға, арнаны таңдауға және жарықтандыруды басқаруға мүмкіндік береді. Сымсыз сабвуфер дыбыс деңгейін, дыбыс режимдерін және жарық әсерлерін негізгі колонкамен автоматты түрде синхрондайды. Бір қолмен оңай басқарылады.
Ақылды
Ақылды және қолайлы
Кез келген жағдайға икемді
Арнайы драйвер бағдарламалық жасақтамасымен кеңейтілген
Колонка параметрлерін теңшеу
Арнайы компьютерлік бағдарламалық жасақтама дыбыс пен жарықтандыруды жетілдіріп баптауға мүмкіндік береді. Интуитивті визуалды интерфейс арқылы дыбысты дәл реттеп, RGB атмосфералық жарықты өз қалауыңызға сай икемдеңіз.3
Қосылудың үш тәсілі
Әр түрлі жағдайға лайықталып жасалған
USB, Bluetooth 5.3 және AUX арқылы қосылуды қолдайды. Компьютерлермен, смартфондармен, планшеттермен және басқа құрылғылармен үйлесімді.
Орнатылған микрофон
Үзіліссіз байланыс үшін
AEC (акустикалық жаңғырықты жою) технологиясы бар жоғары сезімтал кіріктірілген микрофон қоңыраулар мен онлайн-кездесулер кезінде дауысты анық жеткізеді. Артқы панельдегі кәсіби 3,5 мм микрофон ұясы шулы ортада дыбыс сапасын жақсарту үшін сыртқы микрофонды қосуға мүмкіндік береді.4.5
Детальдар
Ойластырылған дизайн
Ұсақ-түйекке мұқият көңіл бөлінген
Тұрақты тұғыр
Негізгі колонка әртүрлі жұмыс үстелі беттерінде орнықты тұру үшін сырғанауға қарсы төрт тірекпен жабдықталған.
CD өрнегі бар басқару тетігі
Басқару тетігіне CD-диск стиліндегі сәндік өрнек қолданылып, оған талғампаз көрініс береді.
Негізгі колонканың порттары
Барлық қажетті порттар бар: USB, қуат көзі, AUX кірісі және микрофон ұясы.
Ескертулер:
1. 53° жоғары еңкейту бұрышы Xiaomi зертханаларында жүргізілген эргономикалық зерттеулерге негізделген. Бұл бұрыш жұмыс үстелінде пайдалану үшін оңтайландырылып, дыбысты табиғи қабылдауға бейімделген.
2. «2.0» белгісі жарық әсерлерінің бастапқы Xiaomi Desktop Speaker моделімен салыстырғанда жаңартылғанын білдіреді. Starlight Twinkle — жаңа жарық әсері.
3. Xiaomi C-HUB қолданбасын Microsoft Store немесе Mac құрылғыларындағы App Store дүкенінен жүктеп алып, қолданбаны пайдалану үшін колонканы компьютерге USB кабелі арқылы қосыңыз.
4. AEC (Acoustic Echo Cancellation) — технология адаптивной фильтрации, устраняющая эхо.
5. Задний 3,5-мм разъём поддерживает стандартные 3,5-мм микрофоны (приобретаются отдельно).
*Жиынтыққа кіреді: негізгі колонка ×1, сымсыз сабвуфер ×1
*Өнім суреттері, үлгілері, деректері, функциялары, өнімділігі, техникалық сипаттамалары, пайдаланушы интерфейсі және осы беттегі басқа ақпарат тек анықтама үшін берілген және нақты өнімнен өзгеше болуы мүмкін. Xiaomi бұл ақпаратқа өзгерістер енгізу құқығын өзіне қалдырады. Нақты өнімді басшылыққа алыңыз.