Денсаулықты терең тексеру үшін қос жиілікті дәлдік

Дәл
Қос жиілікті электрлік импедансты өлшеу
Толық
25 денсаулық көрсеткіші
Сенімді
Алтын стандартты DEXA өлшеміне сүйенген дене майы деректері
Уайымсыз
Бірнеше өлшеу режімдері
Деніңіз сау ма?
Таразыға тұрып, жауабын біліңіз
Физикалық денсаулық көбіне дене майының пайыздық өлшеміне және бұлшықет массасына байланысты анықталады. Xiaomi Body Composition Scale S400 дене мәліметтерін дәл өлшеп, физикалық жағдайыңызға толық талдау береді. Сондай-ақ, семіздік қаупін арттыратын «жасырын факторларды» анықтап, дене бітіміңіз бен денсаулығыңызды ғылыми тұрғыдан басқаруға көмектеседі.
Қос жиілікті биоэлектрлік импеданс өлшеуі
Жаңа деңгейдегі дәлдік
Жоғары және төмен қос жиілікті айнымалы ток жасуша мембраналарына еніп, жасуша ішіндегі және жасушадан тыс сұйықтықтардың электрлік импеданс мәндерін дәл өлшеуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде дене майы, су мөлшері және бұлшықет массасы секілді физикалық мәліметтер алынады.
50 кГц төмен жиілік
Жасушадан тыс сұйықтықты өлшейді
Қандағы және ұлпа сұйықтықтарындағы суды өлшейді
250 кГц жоғары жиілік
Жасуша ішіндегі сұйықтықты өлшейді
Бұлшықет, май, сүйек және ағза жасушаларының құрамдастарын өлшейді
Негізгі деректер саланың алтын стандартымен салыстырылған
Кәсіби әрі дәл дене майын өлшеу
DEXA* дене құрамын өлшеудегі саланың алтын стандарты ретінде кеңінен танылған. Корреляция коэффициенті 1-ге қаншалықты жақын болса, өлшеу деректері соншалықты дәл бола түседі. DEXA нәтижелерімен салыстырғанда, Xiaomi Body Composition Scale S400 дене майының пайызы мен май массасы сияқты негізгі деректер бойынша ≥0.93* корреляция коэффициентіне ие болып, деректердің неғұрлым дәл әрі сенімді болуына ықпал етеді.
25 дене құрамы көрсеткішін талдау
Денсаулығыңызды толық бақылауда ұстаңыз
Бір реттік өлшеу арқылы дене майы, бұлшықет массасы, су мөлшері, ақуыз және сүйек минералдық тығыздығы сияқты 25 дене құрамы көрсеткішін* қамтитын талдау есебін жасауға болады. Сонымен қатар, ол висцералды май деңгейін бағалап, семіздіктің жасырын қауіптерін анықтайды. Денсаулығыңыз жайлы терең талдау арқылы кез келген өзгерісті тез және оңай біле аласыз.
Салмақ
Жүрек соғу жиілігі
BMI
Дененің жалпы бағасы
Денедегі су массасы
Денедегі су
Май массасы
Дене майының пайызы
Ақуыз массасы
Ақуыз пайызы
Бұлшықет массасы
Бұлшықет пайызы
Сүйек минералдық құрамы
Сүйек минералдарының пайызы
Висцералды май деңгейі
Отбасының барлық мүшелерін қамтиды
Бүкіл отбасының денсаулығын сақтаңыз*
Жасөспірімдерге арнайы калибрленетін май өлшеу алгоритмі арқасында таразы барлық отбасы мүшелеріне жарамды. Ата-аналар балалардың денсаулық жағдайын жылдам бағалап, тамақтану мен жаттығу кестелерін реттеу арқылы салауатты салмақ пен дене майы деңгейін сақтап, семіздік қаупінің алдын ала алады.
36 отбасы мүшесіне дейінгі ақпаратты сақтай алады*
6 жастан 80 жасқа дейін пайдалануға болады
Статикалық жүрек соғу жиілігін бақылау*
Жүрек саулығына мән беріңіз
Жүрек соғу жиілігінің тым жоғары не төмен болуы денсаулыққа қатысты алаңдатарлық белгі болуы мүмкін. Xiaomi Body Composition Scale S400 статикалық жүрек соғу жиілігін* бақылауға мүмкіндік береді. Жүрек саулығын қадағалау бұған дейін мұндай ыңғайлы болған емес.
Төмен жиілік
Қалыпты жиілік
Жоғары жиілік
*Жүрек соғуын бақылау функциясын қолданба арқылы қосып немесе өшіруге болады.
Бірнеше өлшеу режімдері
Бір таразы, бірнеше функция
Mi Home/Xiaomi Home қосымшасы* арқылы режімдерді тез ауыстырып, сәбиіңізбен бірге өлшеуге, тепе-теңдікті тексеруге немесе қонақтарға арналған өлшеуді таңдауға болады, осылайша қонақтар салмағын өз бетінше өлшеп көре алады.
Шағын заттарды өлшеу*
Дәлдігі 0,1 кг дейін
Сәбиді өлшеу режімі
Нәрестелер мен үй жануарларын өлшеуге болады
Қонақ режімі
Өлшеу деректері сақталмайды
Өлшеу ауқымы кең
0,1 кг-нан 150 кг-ға дейін өлшей алады
Нақты және орнықты, аккумулятор қызмет ету мерзімі ұзағырақ
Бүкіл отбасы сенім арта алатын таразы
Үлкен диаметрлі электрод тақтайшасы түйісу кезіндегі өткізгіштікті жақсартып, өлшеу дәлдігін арттырады. Үлкейтілген таймайтын бет таразының аударылып кетпеуін қамтамасыз етеді. Алты айда бір рет қана ауыстырылатын аккумулятормен бүкіл отбасы ұзақ уақыт бойы ыңғайлы пайдаланудан ләззат ала алады.
58 мм
Үлкен диаметрлі электрод тақтайшасы
40 мм
Үлкейтілген таймайтын бет
180 күн
Ұзақ аккумулятор қызмет ету уақыты*
Жетілдірілген интерактивті дисплей
Негізгі деректерді оңай қараңыз
Дене майы, жүрек соғу жиілігі және аккумулятор деңгейі қосымша қолайлылық үшін тікелей таразыда көрсетіледі. Денсаулығыңыздың жай-күйін айқынырақ түсіну мақсатында кез келген уақытта Mi Home/Xiaomi Home қосымшасын ашып, егжей-тегжейлі есептерді қарауға болады.
Дене салмағының көрсетілімі*
Дене майының пайыздық көрсетілімі
Жүрек соғу жиілігін көрсету
Маңызды межелерге жетуге жігерлендіру*
Төмен аккумулятор деңгейін ескерту
Bluetooth® қосылым күйі
*Таразыда көрсетілетін өлшем бірлігін қолданба арқылы баптауға болады.
Автоматты синхрондау және лезде қол жеткізу үшін Bluetooth® шлюзіне қосылыңыз
Таразыны Bluetooth® шлюзі* арқылы телефоныңызға жұптастырып, қосуға болады. Өлшеу деректері кез келген уақытта қосымшада ыңғайлы көру үшін автоматты түрде сақталып, серверге жүктеледі.
Bluetooth® қосылымы
Bluetooth® шлюзіне қосылу
Бұлтты синхрондау
*Bluetooth® шлюзіне қосылғаннан кейін, өлшеу деректері бұлтта сақтау үшін автоматты түрде үндестіріледі.
Ескертулер:
*DEXA: Екі энергиялы рентгендік абсорбциометрия (DEXA) дене құрамын өлшеудің «алтын стандарты» ретінде кеңінен мойындалған әдіс. Ол ауруханаларда, медициналық тексерулерде және басқа да кәсіби мекемелерде кеңінен қолданылады. Таразымен өлшенген тест деректерін DEXA көрсеткіштерімен салыстыра отырып, корреляция коэффициенті 1-ге қаншалықты жақын болса, өлшеу нәтижесі соншалықты дәл болады. DEXA төмен деңгейлі радиация сәулесін шығарады, сондықтан оны жүкті әйелдерге қолдануға болмайды.
*Xiaomi Body Composition Scale S400 және DEXA арасындағы май массасын өлшеуде корреляция коэффициенті ≥0.93: Мәлімет «Xiaomi Body Composition Scale S400 екі энергиялы рентгендік абсорбциометрия (DEXA) негізінде дәлдікті зерттеу туралы тест есебі» құжатынан алынған, оны Қытайдың спорт және денсаулық ғылымы институтының (Beijing Sport University) Dr. Meitao бастаған зерттеу тобы дайындаған. Тест есебінің нөмірі: BSU20220389.
*Дене құрамының 25 көрсеткіші жөніндегі талдау есебі: дене салмағы, жүрек соғу жиілігі, BMI, дене ұпайы, денедегі су мөлшері, дене гидратациясы, денедегі май пайызы, май массасы, ақуыз массасы, ақуыз мөлшері, бұлшықет массасы, бұлшықет мөлшері, сүйек минералдарының массасы, сүйек минералдарының мөлшері, іш майының мөлшері, негізгі алмасу деңгейі, майсыз дене салмағы, дене түрі, болжалды бел-жамбас арақатынасы, дене жасы, қаңқа бұлшықеті массасы, салмақты бақылау, бұлшықетті бақылау, майды бақылау, стандартты салмақ. Толық дене құрамы туралы есепті қарау үшін Mi Home/Xiaomi Home қолданбасына қосылыңыз.
*Бүкіл отбасының денсаулығы: 6–80 жас аралығындағы пайдаланушыларға дене салмағын, денедегі май пайызын және өзге де дене құрамы көрсеткіштерін өлшеуге мүмкіндік береді. 6 жасқа дейінгі балалар мен 80 жастан асқан ересектер ерекше дене жағдайына байланысты тек салмағын өлшей алады. Жасөспірімдердің көрсеткіштері қарқынды өсу үдерісіне байланысты тек анықтама үшін ұсынылады.
*36 адамға дейінгі отбасы мүшелері үшін деректерді сақтау: Әрбір таразыны 1 негізгі Xiaomi аккаунтына тіркеуге болады. Негізгі аккаунт «құрылғыны бөлісу» функциясы арқылы құрылғыны тағы 5 Xiaomi аккаунтына қолдануға бере алады. Сондай-ақ негізгі аккаунт пен бөлінген аккаунттардың әрқайсысы құрылғыны пайдалана алатын 5 виртуалды пайдаланушы жасай алады. Таразы бір уақытта 36 пайдаланушының деректерін сақтай алады. Негізгі аккаунт, бөлінген аккаунт және виртуалды аккаунттар үшін барлық өлшеу функциялары қолжетімді. Салмағы ±2 кг шегінде ауытқитын пайдаланушылар автоматты түрде анықталмайды, сондықтан Mi Home/Xiaomi Home қолданбасы арқылы қолмен таңдау қажет.
*Статикалық жүрек соғу жиілігін бақылау: Бұл пайдаланушы тыныш және қозғалмай тұрған кезде минутына жүрек соғататын рет санын білдіреді. Xiaomi Body Composition Scale S400 денедегі майды өлшегеннен кейін статикалық жүрек соғу жиілігін де өлшей алады. Жүрек соғу жиілігін бақылау әдепкіде қосылған және оны Mi Home/Xiaomi Home қолданбасы > Device > Settings бөлімінен өшіруге болады.
*Режимді ауыстыру: Тараздың режимдерін тек Mi Home/Xiaomi Home қолданбасына қосылған кезде ғана өзгертуге болады.
*Кішігірім заттарды өлшеу: Мұнда 0,1 кг-нан 10 кг-ға дейінгі салмақтағы заттар кішігірім болып саналады. Тараздың дәлдігі 0,1 кг шегінде, ал ең төменгі өлшей алатын салмағы 0,1 кг. Салмағы ≤5 кг заттар үшін алдымен таразыға аяқпен шығып, дисплейде 0,0 кг шыққанда затты қою қажет. Салмағы >5 кг заттар бірден таразыға қойылады.
*180 күндік аккумулятор қызмет ету мерзімі: Аккумулятордың қызмет көрсету ұзақтығы туралы мәлімет Yunmai зертханасының деректеріне негізделген және нақты өнім, пайдалану дағдылары мен қоршаған орта жағдайларына байланысты өзгеруі мүмкін. Нақты жағдайды басшылыққа алу ұсынылады. Бұл өнімді сынау шарттары: 25 °C орта температурасында 3 AAA аккумулятормен жұмыс істейтін таразы күніне 3 рет, әр ретте шамамен 45 секундтан өлшеу жүргізді. Ең ұзақ қызмет ету мерзімі 180 күнге дейін жетті.
*Негізгі көрсеткіштерге қол жеткізуді көтермелеу: "Негізгі көрсеткіштерге қол жеткізу" — өлшенген дене салмағы, май деңгейі мен жүрек соғу жиілігі стандартты ауқымда болғанда және сандық мәннің қасында "√" белгісі көрсетілгенде байқалады. Егер көрсеткіштер стандартты ауқымнан тыс болса, олар көрсетілмейді. Дене салмағының эталоны BMI есебі бойынша, ал май деңгейінің эталоны алгоритмнің есебі бойынша анықталады. 60–100 рет/мин аралығы жүрек соғу жиілігі үшін қалыпты болып есептеледі. Дене салмағы мен май деңгейі бойынша сәйкес эталондарды белгілеу үшін таразы алдымен бірегей пайдаланушыны анықтап, содан кейін стандартты ауқымды есептеп және белгілейді.
*Шлюз құрылғысы: Шлюз құрылғыларын бөлек сатып алу қажет. Шлюз құрылғылары туралы қосымша ақпарат алу үшін Mi Home/Xiaomi Home қолданбасындағы My > Product Intro > Gateway Guide бөлімдеріне өтіңіз.
Ескертулер
· Дұрыс өлшеу тәсілі: Пайдаланушыға жеңіл киім киіп, өлшеуді күн сайын бір уақытта және бірдей жағдайда жүргізу ұсынылады. Нақты деректер алу үшін өлшеуді таңертең, аш қарынға жүргізген жөн. Көп мөлшерде су ішу, тамақтану, қарқынды дене жаттығуын жасау немесе душ қабылдау сияқты әрекеттер өлшеу қорытындыларына әсер етуі мүмкін. Өнім нұсқауларына сәйкес әрекет ету өлшеу нәтижелерінің дәлдігін арттыруға көмектеседі.
· Имплантацияланған медициналық құрылғылары (мысалы, жүрек соғысын реттегіш, кохлеарлы имплант) бар адамдарға бұл өнімді пайдалану ұсынылмайды. Бұл өнімде қолданылатын электр тогы адам ағзасына зиян келтірмейді, бірақ жүкті әйелдерге абай болу қажет. Егер пайдаланушы өзін жайсыз сезініп, жоғары дене температурасы, суық тию, гастроэнтерит және т.б. белгілерді байқаса, дене құрамының көрсеткіштерінде елеулі қателіктер пайда болуы мүмкін. Өлшеу нәтижелері тек анықтама үшін беріледі.
· Салмағы 10 кг-нан аз заттар шағын зат ретінде есептеліп, олардың өлшеу деректері сақталмайды. Егер сізге нәрестені өлшеу қажет болса, олардың салмағын сақтау үшін қосымшадағы "Baby Holder" режімін пайдаланыңыз.
· Бұл өнім медициналық құрылғы емес. Өлшеу деректері мен нәтижелері тек анықтама үшін беріледі. Әр түрлі жағдайларда берілетін денсаулыққа қатысты деректер мен ұсыныстар өзгеруі мүмкін және оларды диагностика мен емнің негізі ретінде пайдалануға болмайды.
· Өнім партиялары мен өндірістік жеткізу факторларының нақты уақыт режиміндегі өзгерістеріне байланысты жоғарыдағы бетте көрсетілген өнім кескіндері (соның ішінде, бірақ тек олармен шектелмейді: сыртқы көрінісі, түсі және Өнім өлшемдері), бейнелер және дисплейлер (соның ішінде, бірақ тек олармен шектелмейді: фондар, пайдаланушы интерфейстері, иллюстрациялар, бейнелер) тек көрнекілік мақсатында берілген. Тиісті өнім ақпаратын, техникалық сипаттамаларды және мүмкіндіктерді нақты көрсету үшін Xiaomi жоғарыда көрсетілген мазмұнды жетілдіруге құқылы. Нақты ақпарат алу үшін нақты өнімге жүгініңіз.
· Өзгеше көрсетілмесе, осы бетте айтылған өлшемдер, функциялар, өнім өнімділігі, техникалық сипаттамалар және басқа да ақпарат Yunmai зертханасынан алынған және арнайы сынақ жағдайларында анықталған. Нақты пайдалануда нақты өнім, бағдарламалық құрал нұсқасы, пайдалану шарттары мен орта жағдайларындағы айырмашылықтарға байланысты оларда шамалы ауытқулар болуы мүмкін. Пайдаланудың нақты жағдайларына жүгініңіз.
Сұрақ-жауап
«Bluetooth® gateway not connected» деген ескерту шыққанда, бұл нені білдіреді?
1. Bluetooth® шлюзі негізінен таразы қолданбаға қосылмаған кезде өлшеу деректерін үндестіріп отырады. Mi Home/Xiaomi Home қолданбасы «Bluetooth® gateway not connected» дегенді көрсеткенде, бұл таразы істемейді деген сөз емес, тек таразының Bluetooth® шлюзі құрылғысымен байланыспағанын білдіреді.
2. Бұл функция үйіңізде Bluetooth® шлюзі құрылғысының болуын талап етеді. Егер ол құрылғы жоқ болса, бұл ескертуді елеусіз қалдыра аласыз.
3. Таразы алғаш рет жұптастырылғаннан кейін, таразының қақпамен автоматты түрде қосылуын күту үшін 1–5 минут қажет. Егер 5 минуттан кейін қосылу жүзеге аспаса, Bluetooth® шлюзі құрылғысын қайта іске қосып көріңіз.
Bluetooth® шлюзі деген не және қандай құрылғылар шлюз болып саналады?
Bluetooth® шлюз құрылғысы – Wi-Fi және Bluetooth байланыстарын біріктіретін құрылғы. Ол өзі Интернетке қосылып, Bluetooth® шлюзіне тіркелген қосалқы құрылғыларға Интернетке шығуға жәрдем береді.
Mi Home/Xiaomi Home қолданбасына таразыны қосып көргенде, іздеу нәтиже бермесе, не істеу керек?
Алдымен Mi Home/Xiaomi Home қолданбасынан таразыны жойып, төмендегі нұсқауларды орындаңыз:
1. Аккумулятор қақпағын ашып, қалпына келтіру түймесін шығару инесімен 7 секунд басыңыз. Содан кейін Mi Home/Xiaomi Home қолданбасымен жұптастырыңыз. Таразының Mi Fitness қолданбасымен үйлесімді емес екенін ескеріңіз.
2. Телефоныңыздың операциялық жүйесі Android 8.0 немесе iOS 12.0 және одан жоғарғы нұсқаларға жаңартылғанын растаңыз.
3. Mi Home/Xiaomi Home қолданбасы iOS 8.7.204 немесе Android 8.7.703 және одан жоғарғы нұсқаларға жаңартылғанын тексеріңіз. Егер сізде ескі нұсқа болса, қолданбаны жаңартыңыз немесе қайта орнатыңыз.
Mi Home/Xiaomi Home қолданбасына таразыны қалай қосамын?
Алғашқы рет қосу үшін төмендегі қадамдарды орындаңыз:
1. Таразаны іске қосу үшін оны ақырын басып тұрыңыз.
2. Mi Home/Xiaomi Home қолданбасын ашыңыз, оң жақ жоғарғы бұрыштағы «+» белгішесін түртіңіз, «Құрылғы қосу» тармағын таңдаңыз және құрылғылар тізімінен «Xiaomi Body Composition Scale S400» таңдап, қолданбаның таразыны табуын күтіңіз.
3. Қосылатын құрылғыны таңдап, «Құрылғыны қосу» түймесін басыңыз да, байланыс аяқталғанын күтіңіз. Егер жұптастыру сәтсіз аяқталса немесе құрылғы табылмаса, таразыны қалпына келтіру үшін қалпына келтіру түймесін шығару инесімен 7 секунд басып тұрыңыз да, қайта көріңіз.
Xiaomi Body Composition Scale S400 құрылғысын Mi Fitness қолданбасына қалай қосамын? Таразы басқа үшінші тарап қолданбаларымен үйлесімді ме?
Xiaomi Body Composition Scale S400 тек Mi Home/Xiaomi Home қолданбасымен жұптастырылып, қосылады және Mi Fitness немесе басқа қандай да бір қолданбамен үйлесімді емес.
Егер дене майын өлшеу нәтижесі қайта-қайта шықпай қалса, не істеу керек?
1. Аяқтың табанын және таразының бетін дымқыл сүлгімен сүртіп, қайта өлшеп көріңіз.
2. Мәселе шешілмесе, таразыны Mi Home/Xiaomi Home қолданбасына қосып, онлайн режимде өлшеу жасаңыз. Mi Home/Xiaomi Home қолданбасында «Құрылғы» бетіндегі жоғарғы сол жақ бұрыштан өлшенетін мүшені таңдап, «Өлшеу» түймесін басыңыз да, нұсқаулыққа сай жалаң аяқ таразыға тұрыңыз. Өлшеуді аяқтау үшін екі табаныңыз да электрод тақташасына толық тиіп тұрғанына көз жеткізіңіз.
Отбасы мүшелері дене майын өлшеу нәтижесін ала алмаса, не істеу керек?
1. Барлық пайдаланушылар дене майын өлшеуден бұрын Mi Home/Xiaomi Home қолданбасында есептік жазба жасап, өз мәліметтерін толтыруы керек.
2. Қазіргі уақытта таразы 20–150 кг салмақ, 90–220 см бой және 6–80 жас аралығындағы пайдаланушыларды ғана өлшей алады.
3. Негізгі аккаунтта, бөлінген аккаунтта немесе кез келген отбасы мүшесі аккаунтында салмақ ±2 кг ауытқуы мүмкін екенін тексеріңіз. Егер ауытқу бар болса, офлайн режимінде дене майын өлшеу қолжетімді емес, тек онлайн өлшеу ғана қолданылады.
4. Екі табаныңыз да электрод тақтайшасына дұрыс тиіп тұрғанына көз жеткізіңіз. Тағы өлшер алдында табандарыңыз бен таразының беткі қабатын ылғалды сүлгімен сүрту ұсынылады.