

Қарапайым дизайн, жатық жазу
Тегіс | Жеңіл | Шегіндірілетін | Дақ қалдырмайтын

Қалам қақпағын жоғалту жайлы уайымдаудың қажеті жоқ, тартылатын сия картриджі мен алаңсыз сақтау
Тартылатын дизайн қалам қақпағын қажет етпейді. Қақпақ жоғалған соң қалам жарамсыз болатын күндер артта қалды. Сақтау енді бұрынғыдан да оңай.

Пигменттік негіздегі сия картриджі, қағаз бетімен жеңіл сырғиды
Әр жол арқылы шабыт алыңыз. Жылдам ескертулер жазғанда да, сезімдеріңізді ақтарып жатқанда да, үздіксіз жазудан ләззат алыңыз. Xiaomi шарикті қаламы пигменттік негіздегі сияны қолданып, біркелкі, жұмсақ жазуды қамтамасыз етеді және қанық, тұрақты әрі жағымды қара реңк береді.

Жоғары дәлдіктегі серіппелі шарикті ұш, тамаша тығыздалуы мен беріктігі
Жоғары дәлдіктегі 0,5 мм шарикті ұш Швейцариялық Mikron станоктарында мұқият жасалған. Қалам горизонталь күйде жатқанда, ішкі серіппе шарға және оның ұясына әсер етіп, сияның ағуын болдырмайды. Тіпті ұзақ уақыт пайдаланбасаңыз да, сия тез кеуіп қалмайды. Вольфрам-карбидті шарик ерекше беріктікке ие.
Таза, дақсыз жазу, жұмсақ, тез кебеді, жайылмайды
Мұқият жасалған пигменттік негіздегі сия тез кебіп, сияның жағылып кетуіне жол бермейді. Тіпті суға тигенде де дақ қалдырмайды, сондықтан жазуларыңыз ұзақ сақталады. Бұл қалам құжаттарға қол қоюдан бастап жазбаша емтихандарға дейін түрлі жағдайда тамаша серік болады.

Бар-жоғы 9,3 г,
Еш қиналмай ұстауға болатын жеңіл салмақ
Xiaomi шарикті қаламы небәрі 9,3 г салмақ тартатындықтан, ұзақ уақыт жазғанда да қолыңызды шаршатпайды.

*Салмақ тек анықтама үшін берілген. Әр өнімнің нақты салмағы (±0,3 г) шегінде өзгеруі мүмкін.

Минималистік дизайн, қарапайым, сәнді әрі жанға жайлы
Таза ақ түсті Xiaomi шарикті қаламы қарапайым, жатық пішінімен заманауи минималистік эстетиканы танытып, кез келген ортаға жарасатын талғампаз аксессуарға айналады.

10 даналық қаптамасы,
Жазудың керемет ләззатын бөлісіңіз
Әр қаптамада 10 қалам бар, сондықтан оларды әріптестеріңізбен не сыныптастарыңызбен оңай бөлісіп, бірлесе отырып жазудың шынайы жұмсақтығын сезіне аласыз.