Xiaomi 33W Nano Power Adapter (USB-C) Толық ақпарат

33 Вт GaN жылдам зарядтау | Кең қолданыстағы құрылғылармен үйлесімділік | Шағын әрі сәнді дизайн
*Деректер кабелі қоса берілмейді, оны бөлек сатып алуыңызды өтінеміз.

GaN жылдам зарядтау технологиясы
Жеңіл әрі жылдам зарядтау
GaN (Галлий нитриді) жылдам зарядтау технологиясы қуаттағыштың өлшемі мен салмағын азайтып, қуатты түрлендірудің тиімділігін арттырады және қуаттау жылдамдығын жоғарылатуға септігін тигізеді.
Бір адаптер бірнеше құрылғымен үйлесімді
Танымал брендтермен үйлесімді
Xiaomi USB кабелімен бірге қосылып, Xiaomi смартфондары мен планшеттері үшін 33 Вт дейін жылдам зарядтауды ұсынады.
Кірістірілген интеллектуалды чип қосылған құрылғыларды автоматты түрде анықтап, QC/PD/PPS жылдам зарядтау хаттамаларын қолдайды. Ол тек Xiaomi өнімдеріне ғана емес, Apple және Samsung сияқты брендтердің смартфондары мен басқа құрылғыларымен де үйлесімді.
Бренд
Бренд
iPhone 16
iPhone 16 Pro Max
30 минуттық жылдам зарядтау деректері
30 минуттық жылдам зарядтау деректері
57%
Шамамен 55%
Бренд
Бренд
Samsung S24+
Samsung Galaxy S24 Ultra
30 минуттық жылдам зарядтау деректері
30 минуттық жылдам зарядтау деректері
56%
54%
Бренд
Бренд
REDMI Note 14
Xiaomi Pad 6
30 минуттық жылдам зарядтау деректері
30 минуттық жылдам зарядтау деректері
55%
37%
*Деректер Xiaomi Internal Labs зертханасында алынған. Сынақ әдістерінің әртүрлілігіне байланысты нақты мәндер өзгешеленуі мүмкін. Нақты пайдалану жағдайынa назар аударыңыз.
*Бұл қуаттағыш Xiaomi Pad 7 құрылғысымен бірге қолданғанда үйлесімділік мәселелері туындауы ықтимал. Бұл мәселе қазіргі кезде шешіліп жатыр. Нақты пайдалану тәжірибесі әртүрлі болуы мүмкін.
Шағын әрі сәнді
Жұмыс орныңызды жинақы ұстауға көмектеседі
Жылтыр, жұмсақ жабынмен өңделген қуат адаптері қолда ұстауға ыңғайлы әрі сапалы әсер береді. Шағын және жеңіл, оның көлемі небәрі 37 см³, осылайша кәдімгі 33 Вт қуаттағыштарға қарағанда 50% кішірек.*
*Деректер Xiaomi Internal Labs зертханасында алынған. Сынақ әдістерінің әртүрлілігіне байланысты нақты мәндер өзгешеленуі мүмкін. Нақты пайдалану жағдайына назар аударыңыз.
*Стандартты 33 Вт қуаттағыш: Xiaomi 33 Вт зарядтау жинағы (Type-A) дегенді білдіреді.
Қауіпсіздікті арттыру үшін температураны бақылау және көпдеңгейлі ақылды қорғаныс жүйесі
Отқа төзімді және ыстыққа шыдамды корпус түнгі қуаттау кезінде де құрылғыны қауіпсіз пайдалануға мүмкіндік береді. Температураны бақылау жүйесі қызып кетуді азайтып, аккумулятордың қызмет ету мерзімін ұзартады. Бірнеше деңгейлі қорғаныс тетіктері жан-жақты қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.
Кіріс тогының шамадан тыс артуынан қорғау
Кіріс кернеуінің шамадан тыс артуынан қорғаныс
Шығыс бөлігінің қызып кетуінен қорғаныс
Кедергінің қалыптан тыс өзгеруінен қорғаныс
Қысқа тұйықталудан қорғаныс
Найзағайдан қорғаныс
Электромагнит өрісінен қорғаныс
Төмен кернеуден қорғаныс
Статикалық электр зарядынан қорғаныс
Кабельді шифрлау қорғанысы
*Зарядтау жылдамдығы құрылғыны қолдану мәнеріне, зарядтау жағдайына және басқа факторларға байланысты өзгеруі мүмкін. Нақты зарядтау нәтижесіне назар аударыңыз.
*Суреттер тек көрсетілім мақсатында берілген және нақты өнім кейбір сипаттамалары бойынша өзгешеленуі мүмкін. Өнімнің қолжетімділігі аймаққа қарай әртүрлі болуы мүмкін.