Redmi Pad 2
Үлкен экран, шексіз көңіл көтеру

11" 2.5K анық дисплей
Үлкен 9000 мАсағ (тип.) аккумулятор
Жетілдірілген Helio G100-Ultra
Әсерлі дыбысқа арналған төрт динамик
Дисплей
11" 2.5K анық дисплей
Redmi Pad 2 құрылғысы керемет визуалды әсер беретін 11" 2.5K анық дисплеймен жабдықталған. Дисплей 1,07 миллиард түстерді қолдайды және экран қанық реңктермен және айқын бөлшектермен көрсетеді, бұл әсерлі ойын-сауық пен күнделікті қолдануға өте ыңғайлы.
11"
дюйм
2560 x 1600
ажыратымдылық
10 бит
түс тереңдігі
274
пиксел/дюйм
12:00:59
контрастылық
*Redmi Pad 2 экранының өлшемі диагоналі бойынша шамамен 11 дюймді құрайды. Иілген бұрыш дизайнына байланысты көрінетін аумақ кішірек болады. Жеке өнімдер арасындағы өлшемдер өзгеше болуы мүмкін.
Бірқалыпты 90 Гц AdaptiveSync жаңарту жиілігі
Redmi Pad 2 ерекше бірқаоыпты және сезімтал визуалды тәжірибені қамтамасыз ететін AdaptiveSync 90 Гц жаңарту жиілігін ұсынады. Айналдыру, ойын ойнау немесе видеоларды қарау, бейімделген жаңарту жылдамдығы бірқалыпты ауысуларды қамтамасыз етеді және қозғалыстың бұлыңғырлығын азайтады, осылайша әрбір әрекеттесуді жағымдырақ етеді.
*Жаңарту жиілігін қолдау көрсетілетін қолданбалар мен ойындар үшін 90 Гц-ке дейін реттеуге болады. Нақты көрсеткіштерді қараңыз.
Көз қорғанысы бар дисплей
Әлсіз көк жарық, жыпылықтаусыз және циркадиялық ырғаққа сәйкестік үшін ТТ күңгірттеу және TÜV Rheinland сертификаты бар Redmi Pad 2 күні бойы көзге жайлылық береді.
TÜV Rheinland әлсіз көк жарық (бағдарламалық жасақтама шешімі) сертификатын алған
TÜV Rheinland Flicker Free (жыпылықтауы жоқ) сертификаттауынан өткен
TÜV Rheinland Circadian Friendly (циркадиандық ырғаққа зияны жоқ) сертификаттауынан өткен
Аккумулятор
Үлкен 9000 мАсағ (тип.) аккумулятор
Redmi Pad 2 тоқтаусыз жұмыс істеуге арналған қуатты 9000 мАсағ (тип.) аккумулятормен жабдықталған. Оқу, ойын ойнау немесе ұзақ уақыт бойы сериалдарды көру — бәрін еш қиындықсыз атқарады.
9000
мАсағ
86 күн
күту режимі
234 сағат
музыка ойнату
17 сағат
видео ойнату
*Деректер Xiaomi ішкі зертханалары тарапынан тексерілген, нақты нәтижелер өзгеше болуы мүмкін.
Өнімділік
Жетілдірілген Helio G100-Ultra
Redmi Pad 2 құрылғысы MediaTek Helio G100-Ultra процессорымен жұмыс істейді, ол күшті өнімділікті қамтамасыз етеді. Ол күнделікті ойын-сауық үшін бірқалыпты және тереңірек әсер береді.
2 ТБ кеңейтілмелі жад
2 ТБ дейін кеңейтілетін жадты қолдау арқылы сіз жүзге жуық жоғары ажыратымдылықтағы фильмдерді оңай сақтай аласыз, осылайша сізде барлық сүйікті ойын-сауық түрлері үшін жеткілікті орын болады.
*Кеңейтілмелі жад картасы бөлек сатылады.
Динамиктер
Әсерлі дыбысқа арналған төрт динамик
Redmi Pad 2 құрылғысы Dolby Atmos® технологиясын қолдайды, фильмдер, ойындар мен музыка үшін әсерлі дыбыс береді.
Дизайн
Біртұтас металл
Redmi Pad 2 пайдаланушыларға керемет тактильді тәжірибені ұсынатын толық металл корпусқа ие.
*Толығымен металл конструкция тек өнімнің артқы қақпағына қолданылады және камераның жиектерін, түймелерді, карта ұяларын немесе басқа компоненттерді қамтымайды.
Үш стильді түс
Redmi Pad 2 үш стильді түсте қолжетімді: Графитті Сұр, Жалбызды Жасыл және Лаванда Күлгін.
Жылдамырақ, ақылдырақ және бірқалыптырақ
*Xiaomi HyperOS функцияларының, қолданбалар мен қызметтердің қолжетімділігі бағдарламалық құрал нұсқасына және өнім моделіне байланысты әртүрлі болуы мүмкін.
Xiaomi өзара байланысы
Redmi Pad 2 құрылғысы Xiaomi HyperOS 2 жүйесінде жұмыс істейді, ол Xiaomi өзара қосылу мүмкіндігі арқасында бірқалыпты пайдаланушы тәжірибесін қамтамасыз етеді.
Қоңырауды синхрондау
Қоңырауды үздіксіз өңдеу: Кіріс телефон қоңырауларына тікелей планшеттен жауап беруге болады және дауыстық қоңырауларды құрылғылар арасында оңай ауыстыруға болады.
*Телефондар мен планшеттер Bluetooth және WLAN параметрлері белсендірілген Xiaomi HyperOS 2 нұсқасына жаңартылып, сол Xiaomi тіркелгісіне кіріп, «Параметрлер-Xiaomi өзара қосылу мүмкіндігі» қосылғанын тексеріңіз. Белгілі бір функциялар мен қызметтердің қолжетімділігі бағдарламалық құрал нұсқасына, қолданбаларға және өнім үлгісіне байланысты өзгеруі мүмкін, нақты пайдалану жағдайларын қараңыз.
*Визуалдар тек демонстрациялық мақсатқа арналған. Нақты тәжірибені қараңыз.
Алдын ала орнатылған “bekids Coloring” қолданбасы
Сізге және сіздің балаларыңызға бірге өнер туындысын жасау қуанышын бөлісуге мүмкіндік беретін отбасыларға арналған сурет салу қолданбасы.
Bekids Coloring қолданбасына 1 айлық* VIP рұқсаты: 1. Қолданбаны ашып, өтінім жіберу үшін нұсқауларды орындаңыз. 2. Тіркеліңіз немесе электрондық поштамен кіріңіз. 3. Сәтті тіркелдіңіз. *Өтініш берілгеннен бастап 30 күн. Әр Redmi Pad 2 Сериясы үшін бір VIP рұқсаты қолжетімді. *Пайдаланушы интерфейсі және өнім туралы ақпарат тек анықтама үшін берілген. Нақты өнім өзгеше болуы мүмкін. Xiaomi компаниясы мәліметтерді жаңартуы мүмкін. Арнайы мәліметтер алу үшін, нақты өнімнің сипаттамасын қараңыз.
Redmi смарт қаламымен үйлесімді
Redmi смарт қаламы Redmi Pad 2 құрылғысымен пайдаланылғанда 60 Гц жаңарту жиілігін қамтамасыз етеді, бұл дәл жазбалар мен эскиздер үшін бірқалыпты және үздіксіз сызбаларды береді.
*Redmi смарт қаламының көмегімен жазу кезінде экранды жаңарту жылдамдығы құрылғының үйлесімділігіне байланысты өзгеруі мүмкін.
*Керек-жарақтар бөлек сатылады, қолжетімділігі аймаққа байланысты әр түрлі болуы мүмкін.
Ескертпе:
*Осы бетте көрсетілген өнімнің сыртқы көрінісі тек көрнекі материал ретінде берілген. Түсі мен беткі әрленуі түрлі аймақтарға байланысты аздап өзгешеленуі мүмкін. Нақты тауардың сыртқы көрінісі басымдыққа ие болады.
*Бетте көрсетілген мүмкіндіктердің шығармашыл кескіндері бейнелеу мақсатында болып, нақты құрылымды көрсетпейді. Нақты тауардың сыртқы көрінісі басымдыққа ие болады.
*Нақты қолжетімді жад және сақтау орнының сыйымдылығы өзгешеленуі мүмкін немесе бірнеше факторға байланысты азаюы мүмкін: Операциялық жүйе жадтың (RAM) бір бөлігін алып жататындықтан, нақты қолжетімді орын көрсетілген жад сыйымдылығынан аз болады; операциялық жүйе және алдын ала орнатылған бағдарламалар флэш жадының (ROM) белгілі бір бөлігін алып жататындықтан, нақты қолжетімді сақтау орны флэш жады үшін көрсетілген сыйымдылықтан аз болуы мүмкін.
*Зарядтау уақытына қатысты дерек: Сыналатын бағдарламалық құрал нұсқасына, белгілі бір сынақ ортасына және түрлі құрылғы нұсқаларына байланысты нақты өнімділік аздап өзгешеленуі мүмкін. Нақты қолдану уақытына назар аудару керек.
*Өнімнің суреттері мен үлгілері, деректер, функциялар, өнімділік, техникалық сипаттамалар, пайдаланушы интерфейстері және басқа өнім туралы ақпарат тек анықтамалық мақсатты берілген және олар Redmi тарапынан өзгертілуі мүмкін. Мәліметтер алу үшін, нақты өнімді және өнімнің пайдаланушы нұсқаулығын қараңыз. Өзгеше көрсетілмесе, осы веб-сайтта сілтеме жасалған деректер Redmi компаниясының ішкі сынақтарының нәтижелері болып табылады.