
Сіздің сахнаңыз – сіздің шедевріңіз
Шедеврді әлдеқайда жақындатыңыз
Керемет қойылымның жарқын прожекторларының астында болсын немесе күнделікті өмірдің жұмсақ сәулесінде болсын, әрбір сахна шынайы құштарлық пен нәзіктіктің айғағы. Әлдеқайда жақындататын Xiaomi 15T Pro күнделікті өмірде жиі елеусіз қалатын ғажайып сәттерді түсіреді. Тіпті күнделікті нәрселердің өзі ерлікке толы мәңгілік оқиғаларға себеп бола алады.

Видеоны көріңіз


Қазақстан
Сіздің сахнаңыз. Әр кадрда.
Прожектор жарығы астында боксшы Еркебұлан Тоқтар мен балерина Риза Тағанова армандарына ұмтылады. Алайда жарық тек сахна төрінде ғана емес. Ол күнделікті өмірдің әр жарқын сәтінде, әр талпынысында, әр құштарлық пен табандылық сәтінде бар. Сен қай жерде болсаң да, сенің сахнаң есте қалуға лайық.

Чехия Республикасы
Шығармашылық сахнасы
Зергер Катерина Рейхтің күні нәзік сәттерден тұрады: таңертен қызымен мектепке дейін серуен, әкесінің шеберханасындағы жұмыс, көршілермен жылы әңгіме. Осы өмірдің ішінде ол өз ісін нәзіктікпен және шабытпен атқарады. Earth Gems топтамасындағы әр тас — өмірдің жарқын сәттері мен махаббаттың бір сахнада ұштасқан бейнесі.

Түркия
Қала өмірінің жарқын сәттері
Күнделікті өмір, демалыс пен спортпен айналысу барысындағы сәттер жарық пен түстің үйлесімінде жанданып, табиғи сұлулық пен үйлесімділікті ашады. Әрбір күлкі, әр қимыл — өз сахнасында айтылған жеке бір оқиға. Сол жылы сезім мен қуанышқа толы сәттерді ұсақ-түйегіне дейін ұстап қалу үшін жақынырақ түсіріңіз.


Малайзия
Дәстүр сахнаға айналғанда
Айналып тұрған ойыншықтан бастап көкте қалықтаған батпырауыққа дейін дәстүрлі қолөнерде адам қолының жылуы мен төзімінің ізі бар. Әр қимыл — тепе-теңдік пен сұлулықтың бейнесі, өмір сахнасын тапқан әр жанның сәтіндей. Дәстүр сезіммен ұштасатын осы сәттерді түсіріп, әрбір оқиғаны нағыз шедеврге айналдырыңыз.

Колумбия
Қимыл мен тыныштық үйлескен сахна
Стадион шамдары әр сахнаға жарық бермейді. Кейде бұл – ауладағы жасөспірімдер ойыны, кейде – өмірдің қарапайым, тыныш сәті. Бірақ әр қимыл мен қалыптың өз әуені, өз сұлулығы бар. 115 мм фокустың көмегімен бұрын байқалмаған сәттер енді сезім мен үйлесімге толы көрініске айналып, күнделікті өмірді мәңгі есте қаларлық қойылымға айналдырады.
Әр адамның өз сахнасын қалыптастыруға күші жетеді













Xiaomi 15T Pro арқылы сахна сәттерін түсіріңіз
Телефото объективі бар флагмандық үш камера жүйесі көзіңіз шалған көріністі «сахнаға» айналдырып, оқиғаларыңызды мәңгі есте сақтайды. Суреттерді қайта ашқан сайын естеліктер қайтадан жанданып тұрады.
Жаңалықтарымызға жазылу үшін электронды поштаңызды енгізіңіз!
Авторлық құқық © 2010 - 2025 Xiaomi. Барлық құқығы қорғалған



























